Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 24 Наурыз, 2023

Кахраманмарашта жер сілкінді

Түркияда Кахраманмараш провинциясы Гёксун ауданында бүгін, түнгі сағат 03:39-да жер сілкінді, - деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Табиғи апаттармен және төтенше жағдайлар мен күрес жөніндегі басқарманың (AFAD) мәліметінше, 4,7 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы Кахраманмараш провинциясының Гёксун ауданында орналасты.

Жерасты дүмпуінің ошағы 7,34 км тереңдікте орналасқан.

Еске салайық, кеше Кахраманмарашта 21 наурызда - 4,1 қуатымен, 23 наурызда 4,3 және 5,3 магнитудасымен жер сілкіністері тіркелді.

302 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз