Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 24 Наурыз, 2023

Францияда зейнетақы реформасына қарсы шеруге миллионнан астам адам қатысты

Францияда үкіметтің зейнеткерлік жасын 62-ден 64-ке көтеру туралы шешімінен туындаған дағдарыс жалғасып жатыр. Бейсенбідегі зейнетақы реформасына қарсы наразылық акцияларына бүкіл ел бойынша миллионнан астам адам қатысты. Елдің ІІМ мәліметтері бойынша, Парижде жүз мыңнан астам демонстрант көшеге шығып, полициямен қақтығыстар басталды. Бордода Муниципалитет ғимаратының есігі өртенді, деп хабарлайды  ВВС.

Ел бойынша тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген айыппен 80 адам қамауға алынды, оның 33-і Парижде. Бұл – Франция президенті Эммануэль Макрон өте қажет деп санайтын реформаға қарсы демонстрациялардың тоғызыншы күні.

Қаңтарда қарауға ұсынылып, өткен аптада парламенттің дауысынсыз мақұлданғанған заң елдегі жағдайдың шиеленісуіне әкелді. Үкімет шешімінің күші сенімсіздік вотумы арқылы ғана жойылады. Бірақ, дүйсенбіде ел үкіметі парламентте жарияланған сенімсіздік вотумын жеті дауыспен еңсерді.

Францияның бас кәсіподағы «Жалпыға ортақ еңбек конфедерациясы» (CGT) мәліметтері бойынша, бейсенбіде Париж көшелерінде 800 мыңға жуық адам жиналды. Алайда полиция мәліметінше, наразылық акциясын 119 мың адам шықты.

Париждің кейбір аудандарында тәртіпсіздіктер жасалды. Шерушілердің шағын топтары полицияға тас лақтырып, отшашу жақты, тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданды.

Бастилия алаңынан Париж операсының ғимаратына дейінгі шеру бағытындағы дүкендер, мейрамханалар және басқа да мекемелер сақтық мақсатында алдын ала қоршалды. Жол бойында полиция қызметкерлері көп болды. Барлығы бес мыңға жуық тәртіп сақшысы жұмылдырылды.

Мұндай шерулер Францияның басқа қалаларында да өтті. Елдің батысындағы Нант қаласында да наразылық білдірушілер полиция қызметкерлеріне қатты заттар лақтырып, қоқыс жәшіктерін өртеуге кіріскенде полиция көзден жас ағызатын газ шашты.

Ренде су шашатын құрылғылар пайдаланылды.

Ниццада шерушілер әуежай ғимараты маңында блокада жасады.

Бордода қалалық әкімдіктің есіктері өртенгені хабарланды. Оларды кім және қалай өртегені әлі белгісіз. Өрт жылдам сөндірілді.

Кәсіподақтар наразылық акциялары сәтті өтіп жатыр деп есептейді, өйткені ел тұрғындары президент Макрон мен үкіметке өз ойларын білдіре алды. Олар халықты 28 наурызда қайтадан көшеге шығуға шақырды.

Фото: REUTERS

321 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз