Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Наурыз, 2023

Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда.

Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының инновациялық қаржы өнімдері мен қызметтерді дамыту,  еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру, сондай-ақ АХҚО-ның жаңарған даму стратегиясы аясында негізгі бизнес-серіктестермен өзара байланыс жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына орнықты қаржыландыру құралдарының аясын одан әрі кеңейту және еліміздің көмірсутегі бейтараптығына жету мақсатын қаржыландыруды жүзеге асырудағы Орталықтың рөлі жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден инвестиция тарту үшін қажетті инфрақұрылым құрып, жағдай жасауда, сондай-ақ қор нарығы мен ел экономикасын дамытуда АХҚО-ның маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Президент Орталықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігіне, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізі секілді маңызды инфрақұрылым жобаларына ауқымды инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау керек екеніне назар аударды.

Фото: t.me/aqorda_resmi

301 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз