Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 24 Наурыз, 2023

Семейлік полицейлер өңірлерге есірткі тасымалдаған күдіктіні ұстады

Семейлік полицейлер өңірлерге есірткі тасымалдаған павлодарлықты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл 21 ақпанда Семей қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Ұлттық ұлан арнайы бөлімшесімен бірлесіп, “Ертіс” бекетінде Семей қаласына кіретін жерде Павлодар қаласының 31 жастағы тұрғыны, Екібастұз, Ақсу және Семей қалаларына психотроптық заттарды жеткізумен айналысқан интернет-дүкеннің өңірлік есірткі қойып кетушіні ұстады.

– Оның көлігіне тінту жүргізу кезінде алдыңғы тартпаның астындағы жасырын қуысында 67 термоусадка табылып, тәркіленді. Оның ішінде ұнтақ тектес затпен полимерлі пакеттер болды.

Сараптама көрсеткендей, зерттеуге ұсынылған зат жалпы салмағы 31,36 гр болатын “a-PVP” психотроптық затының аналогы болып табылады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – деді Семей қаласы ПБ бастығы Қайрат Әбдіғалиев.

Күдікті Семей қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы баптың санкциясымен 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

ҚР Конституциясының 77-бабына сәйкес, адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне енген сот үкiмiмен танылғанша ол жасалған қылмысқа кiнәлi емес деп есептеледi. 

Фото: дереккөзден

 

568 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз