Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Наурыз, 2023

Ақтауда балаларын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды - ІІМ

Ақтауда полиция кәмелетке толмаған балаларды өлтірді деген күдікпен олардың әкесін ұстады,- деп хабарлайды kazgazeta.kz ІІМ Телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Ақтау қаласындағы 27 шағын ауданның пәтерінен зорлықпен өлім белгілері бар күйінде жасөспірімдер табылған.  2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

 

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

306 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз