Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 25 Наурыз, 2023

Сұлтан Зәуірбек Англиядағы жекпе-жегін нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (14-0, 9КО) Англияның Болтон қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Бұл туралы әлеуметтік желідегі Кazproboxing парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Зәуірбектің қарсыласы – аргентиналық Факундо Арсе (15-9-2, 7КО) болды. Жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланды. Нәтижесінде қазақстандық боксшы бесінші раундта оппонентін техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой бокс мансабында 14-інші жеңісіне қол жеткізді. Айта кетсек, ол WBO European нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы чемпион. Белдікті 2021 жылдың шілдесінде жеңіп алған болатын. Бұған дейін оған WBC-тің жастар арасындағы әлем чемпионы титулы да тиесілі еді.

Фото: instagram

394 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз