Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Наурыз, 2023

Зүлфия Сүлейменова Антониу Гутерришпен кездесті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова 24 наурызда БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті.

Министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, З.Сүлейменова БҰҰ Бас хатшысын Қазақстанның су ресурстарын орнықты басқару саласындағы жоспарлары туралы хабардар етті. Бас хатшы Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалап, ҚР-дың Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы белсенді ұстанымын атап өтті.

Айта кетейік, Зүлфия Сүлейменова БҰҰ-ның Су конференциясында қазақстандық делегацияны басқарып отырған болатын.

Сондай-ақ келіссөз барысында Қазақстанның Орталық Азия және Ауғанстан елдері үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік хабын құру бастамасы талқыланды. Идея бойынша штаб-пәтер Алматы қаласында орналастырылмақ.

Фото:facebook.com/zulfiya.suleimen

535 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз