Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 25 Наурыз, 2023

Қостанай қалалық мәслихатына кімдер сайланды

Қостанай қалалық мәслихатына кімдердің сайланғаны белгілі болды. Қостанай қалалық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, қалалық мәслихат сайлауына 99 728 сайлаушы қатысқан.

Кандидаттардың жалпы саны – 61.

Сонымен, Қостанай қалалық мәслихатына сайланған депутаттардың тізімі мынадай:

№1 сайлау округі бойынша Костенюк Надежда Владимировна сайланды. Ол 1982 жылы туған, «Қостанай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысы, Қостанай қаласында тұрады.

№2 сайлау округі бойынша Байғабылов Омарғали Қабиұлы сайланды. Ол 1965 жылы туған, «СХОС «Заречное» ЖШС төрағаның ғылым бойынша орынбасары, Қостанай қаласында тұрады.

№3 сайлау округі бойынша Павленко Дмитрий Иванович сайланды. Ол 1971 жылы туған, «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» КМҚК директоры, Қостанай қаласында тұрады.

№4 сайлау округі бойынша Федяшин Михаил Павлович сайланды. Ол 1976 жылы туған, «Евразия-Вектор» ЖШС директоры, Қостанай қаласында тұрады.

№5 сайлау округі бойынша Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызы сайланды. Ол 1974 жылы туған, «Тілдарын» облыстық орталығының басшысы, Қостанай қаласында тұрады.

№6 сайлау округі бойынша Жұмабаева Гүлшат Тоғызбайқызы сайланды. Ол 1977 жылы туған, «Қостанай арнайы кешені, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған №2 балабақша-мектеп-интернаты» КММ директоры, Қостанай қаласында тұрады.

№7 сайлау округі бойынша Алпысов Арман Әміржанұлы сайланды. Ол 1982 жылы туған, «Дермус» ЖШС директоры, Қостанай қаласында тұрады.

№8 сайлау округі бойынша Дандыбаева Гульфия Тулегеновна сайланды. Ол 1972 жылы туған, «Қостанай қаласы білім бөлімі» ММ-ге қарасты М. Горький атындағы гимназияның директоры, Қостанай қаласында тұрады.

№9 сайлау округі бойынша Төлетаев Ерлан Серікұлы сайланды. Ол 1990 жылы туған, «ALLUR» автомобиль зауытының басшысы, Қостанай қаласында тұрады.

№10 сайлау округі бойынша Муқанов Адильхан Багдатович сайланды. Ол 1993 жылы туған, «Банк Центр Кредит» АҚ директорының орынбасары, Қостанай қаласында тұрады.

№11 сайлау округі бойынша Құдайқұлова Гүлвира Жазитқызы сайланды. Ол 1971 жылы туған, «Глория» мейрамхана-қонақ үй кешенінің директоры, Қостанай қаласында тұрады.

№12 сайлау округі бойынша Есмағамбетов Арман Бекмұратұлы сайланды. Ол 1991 жылы туған, Қостанай құрылыс колледжінің жастар жөніндегі инспекторы, Қостанай қаласында тұрады.

№13 сайлау округі бойынша Исмаилов Арман Оразалұлы сайланды. Ол 1974 жылы туған, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ректоры, Қостанай қаласында тұрады.

№14 сайлау округі бойынша Султангабиев Кайрат Айтпаевич сайланды. Ол 1972 жылы туған, «Қостанай БЖСМ» КММ басшысы, Қостанай қаласында тұрады.

№15 сайлау округі бойынша Сандыбеков Багитбек Назарбекович сайланды. Ол 1959 жылы туған, зейнеткер, Қостанай қаласында тұрады.

№16 сайлау округі бойынша Игимбаева Ольга Владимировна сайланды. Ол 1964 жылы туған, «Уромед» ЖШС директоры, Қостанай қаласында тұрады.

№17 сайлау округі бойынша Аймуканов Аралбай Муратович сайланды. Ол 1978 жылы туған, «Байтерек» ШҚ басшысы директоры, Қостанай қаласында тұрады.

№18 сайлау округі бойынша Жабаева Меруерт Елшібекқызы сайланды. Ол 1985 жылы туған, «Ақ Жол» ҚДП ҚОФ төрағасының орынбасары, Қостанай қаласында тұрады.

№19 сайлау округі бойынша Юсупова Әсия Жұмабекқызы сайланды. Ол 1983 жылы туған, «Аян-Озат» ЖШС директорының орынбасары, Қостанай қаласында тұрады.

№20 сайлау округі бойынша Шипилкина Светлана Валерьевна сайланды. Ол 1981 жылы туған, «Азурит» ЖШС директоры, Қостанай қаласында тұрады.

748 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз