Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Сайлау
  • 28 Наурыз, 2023

Сайлау бәсекелестік және ашықтық қағидаттарында өтті - Нұрлан Әбдіров

Парламентте саяси партиялардың өкілдігі 2 есе өсті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.

«Парламент депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткен жылдың маусым айында болған республикалық референдумдағы жалпыхалықтық дауыс беру нәтижелері бойынша басталған үлкен елдік сайлау циклін аяқтайды. Конституциялық реформаның қорытындылары бойынша биліктің өкілді тармағын қалыптастырудың жаңа бәсекелестік ережелері заңмен рәсімделді. Сайлауды өткізудің жаңа форматы мүдделі азаматтардың саяси қатысу мүмкіндігін едәуір кеңейтті және сайлау саласын жандандырды. Партиялық тізімдер бойынша және бір мандаттық округтерде сайлау арқылы Парламент Мәжілісін қалыптастыру сайлаушыларға саяси партиялардың платформаларына да, нақты кандидатураларға да дауыс беруге мүмкіндік берді», - деді ол ОСК отырысында.

Оның атап өтуінше, сайлауалды жарысқа қатысқан барлық партия жаңа креативті шешімдер тауып, үгіт кезеңінде азаматтарға өз бағдарламаларының мықты тұстарын көрсете алды.

«Өткен сайлау нәтижесінде Парламентте саяси партиялардың өкілдігі алдыңғы сайлаумен салыстырғанда 3-тен 6-ға дейін 2 есе өсті. 29 депутат өңірлерден сайлаушылардың мүдделерін білдіреді және олармен интерактивті мандат арқылы байланысты. Осылайша, сайлау бәсекелестік және ашықтық қағидаттарында өтті. Олардың қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттық корпусы айтарлықтай жаңартылды», - деді Нұрлан Әбдіров.

1309 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз