Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Сайлау
  • 29 Наурыз, 2023

Үгіт-насихат кезеңін және дауыс беру барысын ақпарат құралдары жан-жақты көрсетті - Қ.Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында биылғы сайлаудың артықшылықтарына тоқталды.

«Үгіт-насихат кезеңін және дауыс беру барысын ақпарат құралдары жан-жақты көрсетті.
Партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді. Мұны отандық және шетелдік байқаушылар да айтып отыр. Қандай да бір саяси ұйымға артықшылық берілген жоқ.

Президент ешбір партияның мүшесі емес. Облыс әкімдері партия бөлімшелеріне жетекшілік етпейді. Жоғары лауазымды қызметкерлер партия тізімінде болған жоқ. Яғни, барлық партиялар сайлауға бірдей жағдайда қатысты.

Сайлаушылар да, үміткерлер де айрықша белсенді болды. Саяси партиялар әр аймақта
ел назарын өзіне аудару үшін тартысқа түсті. Бірнеше рет тікелей эфирде партиялар арасында қызу және тиімді пікірталас болды. Бұл – демократиялық қоғам үшін қалыпты үрдіс. Мұның бәрі Қазақстанда ашық азаматтық қоғамның нығайып келе жатқанын көрсетті», - деді Мемлекет басшысы.

 

Фото: Zakon.kz

1369 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз