Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 04 Сәуір, 2023

Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны соңғы 10 жылда рекордтық мәнге жетті

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы 7 жылда кемінде 150 млрд АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша жұмысты жалғастыруда,-деп хабарлайды kazgazeta.kz министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 28 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдан 17,7%-ға артық (23,8 млрд доллар). Бұл көрсеткіш соңғы 10 жылда рекордтық сандарға жетті (2012 жылы – 28,9 млрд доллар).

Елдер бөлінісінде ең көп инвестиция Нидерландтан – 8,3 млрд доллар, АҚШ-тан – 5,1 млрд доллар, Швейцариядан – 2,8 млрд доллар, Бельгиядан – 1,6 млрд доллар, Ресейден – 1,5 млрд доллар, Оңтүстік Кореядан – 1,5 млрд доллар, Қытайдан – 1,4 млрд доллар, Франциядан – 770 млн доллар, Ұлыбританиядан – 661 млн доллар, Германиядан – 469,5 млн доллар көлемінде түсті.

Салалық бөлінісінде инвестициялардың ағыны тау-кен өндіру өнеркәсібіне – 12,1 млрд доллар (25%-ға өсу), өңдеу өнеркәсібіне – 5,6 млрд доллар (+2,7%), көтерме және бөлшек саудаға – 5,1 млрд доллар (+36%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметі – 1,2 млрд доллар (2,2 есе), көлік және қоймалау – 1,2 млрд доллар (+13,5%) көлемінде тиесілі.

Өңірлік бөліністе инвестициялардың көбісі Атырау облысына – 8,3 млрд доллар (өсім 48,3%), Алматы қаласына – 7,6 млрд доллар (+10,9%), Астана қаласына – 2,2 млрд доллар (+107,2%), Шығыс Қазақстан облысына – 2,2 млрд доллар (+3,1%), Ақтөбе облысына – 1,2 млрд доллар (11,2%-ға төмендеу) келеді.

4393 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз