Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 14 Сәуір, 2023

Елімізде өткен жылы қандай азық-түлік өнімдерін тұтыну төмендеген?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2021 жылмен салыстырғанда  өткен жылы жұмыртқадан басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтынудың төмендеуі байқалды.

Тұтынудың барынша азаюы сүт және сүт өнімдері топтары бойынша 6,9%-ға, нан өнімдері мен жарма өнімдері – 4,3%-ға, ет және ет өнімдері – 5%-ға тіркелді.

2022 жылы орташа айлық көрсеткішті алғанда халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтынуы: картоп – 3,7 кг, бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нан – 2,5 кг, сиыр еті – 2 кг, алма – 1,6 кг, құмшекер – 1,4 кг, күріш – 1,3 кг, шикі сүт – 1,2 л, айран – 1,1 л, жұмыртқа – 16,2 дана, макарон – 0,9 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг, қара шай – 0,1 кг құрады.

 

Қала және ауыл халқының азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын тұтынуын салыстырғанда ең жоғары айырмашылық жұмыртқа, нан өнімдері және жарма өнімдері, сондай-ақ жемістерді тұтыну бойынша байқалды.

 

Азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын орташа жан басына шаққандағы тұтынуының өңірлік аспектісін қарастыра отырып, тұтыну көлемі ең аз және ең көп келесі жетекші өңірлерді атап өтуге болады:

 

 

Азық-түлік өнімдерін тұтыну бойынша деректер тұрмыс деңгейі бойынша 12 000 үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша есептелген.

Орташа жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы – қарастырылып отырған кезең ішінде үй шаруашылығының бір мүшесімен орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (әрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны. Ол азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерінің тұтыну көлемін үй шаруашылығының бар мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Ірілендірілген топтар бойынша тұтыну құрамдастарды бастапқы өнімге қайта есептеу есебімен анықталады.

5052 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз