- Инфографика
- 24 Сәуір, 2023
Қазақстанда өткен жылы жалпы ішкі өнім индексі 103,3% құрады
Алдын-ала деректер бойынша өткен жылы Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі 2021 жылға қарағанда 103,3% құрады. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы мәлім етті. ЖІӨ-нің құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 39,9%, қызметтер – 52,9% құрады.
Жедел бағалауымен салыстырғанда ЖІӨ нақты көлем индексі 103,2%-ды құраған алты базалық сала өзгеріссіз қалды, нақтылаулар ай сайынғы деректер болмаған көрсетілген қызмет саласындағы тоқсандық статистикалық байқаулардың деректері негізінде жүргізілді.
Сонымен қатар, алдын-ала бағалау кезінде статистикалық байқаулардың деректері әкімшілік деректермен толықтырылады, олар да жедел бағалау кезінде болмаған.


ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады.ЖІӨ-нің нақты көлем индексі экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.
2643 рет
көрсетілді0
пікір







