Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 24 Сәуір, 2023

Жақсылыққа жетелейтін жақсы ортаны қалай табамыз? 

Мен көңілсіз, үнемі сары уайымға салынып жүретін жандармен және тек жамандық, проблемалар туралы айтатын, жағымсыз энергия тудыратын адамдармен араласқым келмейді. Көп жағдайда барлығы сізден таралатын  қуатқа байланысты болады. Энергияңыз қандай  болса, айналаңызға да сондай адамдар жиналады. Сізді қандай энергия қоршап тұрғанын нақты сезінуіңіз керек. Бұл өте маңызды.

Бойыңызда жақсы энергия болған кезде, көптеген идеялар пайда болады. Сіз барлық ісіңізді жақсарта аласыз. Қолға алған барлық ісіңіз оңға басады. Керемет нәтижелерге қол жеткізгіңіз келсе, жақсы дүниелерді  іске асатындай етіп жасаңыз. Өзіңіздің энергияңызды қадағалаңыз. Бойыңыздағы энергия ағынын бақылап отырыңыз. Өйткені сізге және сіз арқылы өзгелерге энергия ағыны өтіп жатады. Энергия ағыны сіздің санаңызға енген кезде оның белгілі бір пішіні болмайды, ал оны белгілі күйге ендіретін біздің ой-санамыз. Демек ойымыз таза болса, ісіміз берекелі болады. Ниетіміз ізгі болса, айналамызға жақсы адамдар жиналады. Жақсы орта осылай қалыптасады. Бәрі өзімізге байланысты. 

 

Аударған Ерсайын Смағұл 

Фото: Досжан Балабекұлы

2327 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз