Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 04 Мамыр, 2023

Бел Кауфман: Адамды бәрін білсем деген қызығушылық қартайтпайды

Әйгілі жазушы «Төменге бастайтын баспалдақпен жоғары көтерілу» романының авторы Бел Кауфман 103 жыл жасап, саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған жан.

Ол өмірінің соңына дейін сергек, ақыл-ойы тұнық, ажарлы қалпын сақтаған ерекше әйелдердің бірі. Сәнді киінуді,  биік өкшелі туфли мен стилді көзілдіріктерді жақсы көрген Бел ханым үйінен макияжсыз шығуды құп көрмеген. Аптасына бір рет би студиясында жаттығып, 100 жасында Нью-Йорктегі Хантер колледжінде еврей әзілінен сабақ берген. 

Ол сұхбаттарының бірінде осылай сұлу да сергек қалпын сақтауының және ұзақ жасауының сыры неде деген сауалға: «Ең бастысы адамда бәрін білсем,жаңа бірнәрсе үйренсем деген қызығушылық болуы керек. Басқа адамдарға, өнерге, кітаптарға  қызығып, қыр-сырын білсем деп ұмтылу керек,»- деп жауап беріпті. 

Бел Кауфман (1911-2014) — ұстаз, әлемге танымал америкалық жазушы.

Оған атақ-даңқ алып келген  «Төменге бастайтын баспалдақпен жоғары көтерілу» романы болатын.

 

Аударған: А.Әкімбайқызы

Фото: wikipedia.org

 

2036 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз