Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 08 Мамыр, 2023

Бақыт пен бақытсыздық

Досым мұңын шақты – тыңдашы, жасым болса қырыққа келді. Таңертең оянсам, басымның сақинасы ұстап қала береді. Кешке таман белім сырқырайды. Көзде көзілдірік, тісімде қаптама, аяқкиімде ортопедиялық ұлтарақ. Нан жесем, ішіп қатады, майлы тамақтан гастрит маза таптырмайды, шараптан ішім қыжылдайды. Дәрісіз үйден шықпаймын. Жақпамайсыз күн астында қыздырына алмаймын. Уақтылы ұйықтамасам, тірі боп жер басып жүруім мұң. Бірақ, о, тоба, дені сау адамдардың санатындамын!
Иә, солай шығар деймін. Денің сап-сау. Денсаулықтың түрі осындай. Себебі, аурудың түрі мүлде басқаша ғой.
Немесе былай: ылғи жұмыс істейсің, бар тапқаныңды бала-шағаның аузына тосасың. Тамақты тек үйде ішесің. Мейрамханада емес. Мақталы көйлек киесің, тек диванда жатқанда демаласың. Табысың бойынша орта деңгейлісің. Кей жерінде одан да асып кетесің. Ал, неге сонда бір жылдық табысымнан үнемдеп жинап, отбасымды теңізге демалысқа апаруға ұшақпен, қайтуын жаяу қайтам? Бір қарағанға бай адам боп көрінемін ғой?
Иә, байлықтың түрі сондай. Кедейліктің түрі ондай бола қоюы неғайбыл.
Менің балаларым тамаша! Неге олар шетінен тілазар, ұр да жық, есепті түк түсінбейді, бөлмелері ылғи шашылып жатады? Айтшы?
Бәрі түсінікті: тамаша, көңілді баланың бәрі өзін солай ұстайды. Ал, мінезі ауыр бала басқаша болады.
Бірақ мен тәрбиелі адаммын ғой. Көңіл күйім де керемет! Өмірім жақсы, ең бастысы басым істейді. Неге онда... Дұрыс. Тәнім де жақсы, жаз да жақсы. Біздің қолдағы барымыз – дәл соның нақ өзі. Ол қай кезде жақсы емес? Болмай қалған сәтте.
Тағы қоса кетейін: мен өте пысықпын. Неге онда басқа дүниелер көп уақытымды алады? Кез келген процесс, өзгерістер? Жалпы өмір туралы түсінігім?
Бәрі түсінікті: «осынша уақыт» дегеннің өзі «жылдам» дегенді білдіреді. Баяу деген одан да ұзаққа созылуы.
Сонда өмірді қайтпекпіз? Өмір тым қысқа ғой?
Жоқ. Ол ұзақ. Өте ұзақ: жетпіс, сексен жыл. Сол жасқа дейін үлгергеніңше үлгересің. Ұзақ өмірдің сиқы сол. Қысқа өмір – ол мүлде басқаша.
Жұмыстан кейін саябақтың тұсынан өтіп бара жатамын, аллеяда күнде кешкілік екі қария серуендеп жүреді. Мен оларды танығалы жиырма жылдан асты. Олар сұлу еді. Жасы келсе де әрін бермеген, сүйектері асыл жандар. Өте көңілді, қайсар жандар. Шетелге жиі баратын. Картина жинайтын. Менің анекдоттарыма күлетін. Қазір екеуі екі есе шөгіп кеткендей. Кемпірі бүгіліп, шалы таяққа сүйеніп қалды. Мені танымай қапты. Бес минутта үш қадам жасап, аяқтарын әрең басады.
Шамасы бұл бақыттың түрі. Бақытсыздықтың түрі басқаша.

 

 

Виктория Райхер
Аударған Шынар Әбілда

2072 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз