- Безбен
- 14 Мамыр, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

Мемлекет басшысы бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады,- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын!
Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы!" – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.
t.me/aqorda_resmi

835 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *