Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 21 Мамыр, 2023

Еліміздегі демографиялық ахуал қандай?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша халық саны 19 832 737 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 259 453, ауыл тұрғындары – 7 573 284 адам. 

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 93,5 мың бала дүниеге келді (2021 ж.-100,4 мың, 2022 ж. – 95,6 мың), оның ішінде 48,4 мыңы – ұлдар, 45,1 мыңы – қыздар. 

Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,06 туу. Аталған кезеңде қайтыс болғандар саны 32,6 мың адамды құрады (2021ж. – 36,1 мың, 2022ж. – 38,1 мың), бұл ретте 1000 адамға шаққанда өлім-жітім коэффициенті – 6,65. Нәтижесінде халықтың табиғи өсімі 2023 жылдың 3 айында 60,9 мың адамды құрады. 

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 26,31 адам), Түркістан (25,59) облыстарында және Шымкент қаласында (24,37) байқалды. 

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,53), Шығыс Қазақстан (11,12) және Қостанай облыстарында (10,81) байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты. 3 айда 1 жасқа дейінгі 728 нәресте қайтыс болды, 1000 тууға шаққанда нәресте өлімінің коэффициенті 7,78 құрады.

Аталған кезең ішінде 24,5 мың неке тіркелді, 2022 жылдың 3 айымен салыстырғанда неке саны 10,6%-ға төмендеді. Некелесу коэффициенті 1000 адамға 5,0 некені құрады.

Сондай-ақ, осы кезеңде 3,8 мың ажырасу тіркелді (АХАТ органдарының деректері бойынша соттардың некені бұзу туралы шешімдерін есепке алмағанда), бұл да 2022 жылдың тиісті деңгейінен 5,6%-ға аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,79 құрады. 

Ел ішінде көшіп келушілер саны 10,9% -ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (6 782 адам), Астана (6 443 адам), Шымкент (241 адам) қалаларында және Алматы облысында (223 адам) халық көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.


2023 жылғы қантар-наурызда елге көшіп келгендер саны 7 680 адам, елден кеткендер саны 2 664 адамды құрады. 
Көші-қон сальдосы 5 016 адамды құрады. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87%-ға өсті, ал кетушілер саны 49,6%-ға азайды. 
Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүрген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 90%, ал сонда кеткендердің үлесі – 69,5%.

1347 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз