Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 22 Мамыр, 2023

Қазақстан семсершілері Ыстамбұлда әлем кубогын жеңіп алды

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен әлем кубогында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды спортты дамыту дирекциясы.

Шешуші жарыс күні командалық жарыста Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, сенсация жасады.

Алтын медаль үшін тартыста Нидерланд құрамасынан басым түсті. Есеп: 34-20.

Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертайдан жасақталған ұлттық құрама 1/32 кезеңде Колумбияны 45-41 есебімен ұтқан.

Осыдан кейін Италия құрамасынан басым түсіп, үздік сегіздікке кірді. Есеп: 45-31.

Ширек финалдағы тартысты айқаста отандастарымыз Аргентинадан жеңісті жұлып əкетті. Есеп: 45-44.

Ал жартылай финалда ұлттық құрама испаниялық семсерлесушілерді сенімді жеңді (45-32).

Жалпы бұл кезеңде 45 елден 350-ге тарта семсерлесуші бақ сынады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

442 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз