Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 23 Мамыр, 2023

“Шарын” ұлттық паркінде таутекелер фототұзаққа түсіп қалды

"Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сүзісіп жатқан таутекелер фототұзаққа ілінді,- деп хабарлайды kazgazeta.kz 

Таутеке адам аяғы жетпес биік шың­дарда қар барысымен қанаттаса жүретін қасиетті жануар. Бұл жануарды ертеректе халқымыз ортеке деп атаған. 

Таутеке Оңтүстік Сібір, Орта және Орталық Азия тауларында, оның ішінде Қазақстанның Жоңғар, Кетпен, Теріскей, Күнгей, Іле Алатауларында 2500-5000 метр биіктікте кездеседі. Саны азайып, Қызыл кітапқа енген, ерекше қамқорлықты қажет етеді.

Таутеке — қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аша тұяқты жануар. 

Денесінің ұзындығы – 160 см., биіктігі – 100 см., ал салмағы 100 кг.-ға дейін жетеді. Мүйіздері қы­лыш тәріздес қайқы. Текесінің мүйізі жуан әрі ұзын – 130-150 см., ешкісінің мүйізі 40 см.-ге жуық. Де­несінің алдыңғы бөлігі, мойын тұсы қоңырқай, екі бүйірі мен баурайы ақшыл сұр түске боялған. Аша тұяқтылардың ішіндегі ең биікке көтерілетін жануардың ұзын, сүйрік сақалы бар. Небір табан тұрмас тайғанақ құздарда тастан тасқа  емін-еркін секіреді. Өздері өте ақылды және сақ келеді. 
 

Фото: "Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әлеуметтік желідегі парақшасы жариялаған видеодан алынды 

509 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз