Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 24 Мамыр, 2023

Риддер жылу орталығындағы барлық қазандық күрделі жөндеуден өтеді

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығының 6 қазандығы түгелдей күрделі жөндеуден өтеді.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Риддер жылу электр орталығын жөндеу жұмыстары жақын арада басталады.

«Орталықтағы барлық алты қазандық агрегаты (үш жоғары қысымды және үш орта) күрделі жөндеуден өтеді. Жылу энергетикасымен, жылу электр орталықтарын жөндеумен, мамандандырылған жабдықтарды орнатумен айналысатын кәсіпорындар Риддер ЖЭО-на жасалған жедел талдау нәтижелерін ұсынуы тиіс. Осылайша, ары қарайғы жұмыс алгоритмі қазірдің өзінде түсінікті болады. Бұл үшін тиісті қаржы бар. Бүгінде қажетті жабдықтың бір бөлігі сатып алынды», - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, жылу электр орталығының кредиторлық берешегі үш миллиард теңгеден асады. Осыған байланысты тиісті талап арыздар берілген.

«ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында еліміздің энергетикалық объектілерін мемлекет меншігіне алу туралы заң әзірленуде және оны қабылдағаннан кейін Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке берілуі мүмкін. Жаңа жылыту маусымында төтенше жағдайлар болмауы үшін 15 қыркүйекке дейін барлық жөндеу жұмыстары аяқталуы керек», - дейді өңір басшысы.

Фото: ridder.kz

341 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз