Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Мамыр, 2023

Қазақстан Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация орталығы ретінде әрекет етуге дайын – Мемлекет басшысы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Қазақстан Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация аясында қай саланы дамытуға мүдделі екенін атады.

«Қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстан өзінің географиясы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, Еуразиялық өнеркәсіптік кооперацияны дамыту орталығы ретінде әрекет етуге дайын. Бұл электромобильдер, магистральдық локомотивтер, вагондар, ауылшаруашылық және жеңіл техникалар, құрылыс материалдары мен химиялық өнімдер шығаратын бірлескен кәсіпорындар болуы мүмкін», - деді Президент.

photoМемлекет басшысы Қазақстан интеграция аясында қара және түсті металдардың кен орындарын игеру және дайын өнімді одан әрі өңдеу, өндіру бағытында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін атап өтті.

Фото: Ақорда

663 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз