Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Мамыр, 2023

Мұрат Теміржанов БҰҰ ФАО субөңірлік Еуразиялық топырақ серіктестігінің төрағасы

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің басшысы Мұрат Теміржанов БҰҰ ФАО субөңірлік Еуразиялық топырақ серіктестігінің (EASP) төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Ташкентте өтіп жатқан ұйымның 6-шы пленарлық отырысына қатысушылар оның кандидатурасын қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Айта кетейік, EАSP Еуразиялық кеңістіктің 12 елінің өкілдерін біріктіреді, олар Қазақстан, Түркия, Ресей, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Молдова, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан.

Ұйымның негізгі міндеті жер ресурстары, оның ішінде топырақты ұтымды пайдалану және олардың деградациясына қарсы күрес саласындағы өңірдің ерекше мәселелерін шешу болып табылады.

 

Фото: inform.kz

233 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз