Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 27 Мамыр, 2023

Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыстың финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 447-ракеткасы Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына шықты.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 1257-орында тұрған ұлыбританиялық Элеанор Баглоумен шеберлік байқасты.

Ж.Құламбаева үш сетке созылған тартысты бәсекеде 1:6, 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Жібек Құламбаева финалда әлемнің 551-ракеткасы, румыниялық Карола-Патриция Беженару немесе рейтингте 771-сатыдағы грекиялық Элени Христофидің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Фото: ашық дереккөзден

354 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз