Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 28 Мамыр, 2023

Кез келген өзгерістің алдында аялдап ал

Кез келген өзгерістің алдында аялдап алған дұрыс. Дамылдап ал. Деміңді алу, теріңді сүрту, тіл үйіретін лазаньені жеу, ерніңді бояу үшін. Бойыңдағы күш-қуатыңның жанармайын тексеріп алу үшін. Әйтпесе, өмір жолының ортасында өкпең өшіп қалар.
Зуылдап келе жатқанда қиылыстан кілт бұрылу мүмкін емес. Орманда адасқан адам оңтүстік пен солтүстікті анықтап алмайынша, шығар жолды таппайды. Алты сабақты қатарынан оқып, еш үзіліссіз сіңіру ешкімнің қолынан келмейді.
Қадам басқан сайын аялдау керек: суға не биіктікке секірер алдында, сахнаға шығардың алдында, жаңадан танысудың алдында. Өтірік айту үшін, не шындықты жария ету үшін.
Біз жаңа жыл кезінде тоқтаймыз, бағдаршамда қызыл жанғанда тоқтаймыз. Мәнерлеп сырғанаушы үштік тулуп жасағанда, шахматшы – келесі жүрісін ойлаған кезде тоқтайды. Егер дамылдауды кері ысыра берсек, сағатына екі жүз жылдамдықпен жол жүрсек – бізді жағдайдың өзі тоқтады: тұмау тиеді, одан да күрделі аурулар мазалайды, жол апатына ұшырап, өрт шығып, жер сілкінеді.
Өмірде бәрі ырғақты: күн-түн, қыс-жаз, демалу-демалмау. Тіпті дискотекада да жылдам әндер мен баяу ырғақ кезектеседі. Фитнес залдағы тренажерды да профилактика деп тексеріп отырады.
Баяғы заманда шындықты айтып кеткен ғұламаның сөзі рас екен, «Өмірде мүлде ештеңе болмайтын сәттер болады: біз жай ғана әлемге, ал әлем бізге қарап отыратын сәт».

Автор - И. Говоруха
Аударған Ш.Әбілда

Фото- Д.Балабекұлы

1213 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз