Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 28 Мамыр, 2023

Түркия тарихында алғаш рет президент сайлауында дауыс берудің екінші кезеңі өтіп жатыр

Түркияда 28 мамыр, жексенбіде республика тарихында алғаш рет президент сайлауында дауыс берудің екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Анадолы.

Сайлау учаскелері сағат 08:00-де ашылып, жергілікті уақыт бойынша 17:00-де жабылады.

Бүкіл ел бойынша 191 мыңнан астам сайлау жәшігі орнатылды. Сайлаушылар саны 60 млн адамнан асады.

Бірінші турдың қорытындысы бойынша 14 мамырда үміткерлердің ешбірі 50 процент дауыс жинай алмады, ал екінші турға «Халық одағынан» елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған (49,52 процент) мен «Ұлттар одағынан» кандидат, Республикалық халық партиясының көшбасшысы Кемаль Кылычдароғлу (44,88 процент) өтті.

14 мамырда сайлауда 5,17 процент дауыс жинаған «Альянс АТА» блогының кандидаты Синан Оган жақтастарын екінші турда Ердоғанның кандидатурасын қолдауға шақырды.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де сайлау учаскелері жабылғаннан кейін дауыс санау басталады.

Денсаулық жағдайы бойынша сайлау учаскелеріне келе алмайтын сайлаушылар үшін «мобильді жәшіктер» жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, 14 мамырдағы сайлаудағыдай, көру қабілеті нашар азаматтар арнайы дайындалған үлгі бойынша дауыс бере алады.

Шетелде тұратын Түркия азаматтарына дауыс беру 24 мамырда аяқталды. 73 елде және БӨП-та жалпы 3,5 млн сайлаушы дауыс берді.

Шетелден сайлау жәшіктері Анкараға ұшақтармен және дипломатиялық поштамен жеткізілді. Олар жексенбі күні кешке дауыс беру аяқталғаннан кейін басқа урналармен бірге ашылады.

Сайлау қорытындысы туралы хабар таратуға тыйым салу 28 мамыр, жексенбі күні сағат 21:00-ге дейін күшінде болады. ОСК шешімі бойынша тыйым салу мерзімі заңмен белгіленген уақыттан бұрын алынып тасталуы мүмкін.

Фото: ашық дереккөзден

449 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз