Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Мамыр, 2023

Риддердегі жылу орталығын жөндеу мемлекет қаржысы есебінен іске асырылады

Риддер жылу электр орталығын жөндеу жұмыстары мемлекет қаржысы есебінен іске асырылады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты.

«Риддер мәселесіне тоқталсақ, жақында облыс әкімімен, аталған нысанның иесімен сөйлестік. Риддер жылу электр орталығының иесі нысандағы жөндеуді тиісті деңгейде қаржыландыра алмайтынын түсініп отыр. Бұл тұрғыда әкімдік бұл станцияны толық басқаруды өз қолына алды. Станция мен «Өскемен жылу желілері» коммуналдық кәсіпорны арасында сенімгерлік басқару шарты жасалды», - деді Ж. Нұрмағанбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Риддер қаласындағы қазандықтар мен ЖЭО-ның қосалқы жабдықтарын жөндеуге жұмсалатын қаражат бойынша және басқа да шығындарға қатысты мамандар есептеп шығарған есеп-қисап аясында тиісті өтінім рәсімделді.

«Қаражат бөлу туралы облыс әкімдігінен Үкіметке, Қаржы министрлігіне тиісті өтініш келіп түседі деп күтіп отырмыз. Таяуда Үкімет тиісті шешім қабылдап, Риддерде жөндеу жұмыстары басталады деп ойлаймын», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, жылу электр орталығы иесінде нысанды жөндеуге қаражат салуға мүмкіндігі жоқ.

«Бұл жағдайда Үкімет Риддерге қатысты қаржыландыруды өзіне алып отыр. Осы ретте аталған нысандағы жөндеу жұмыстары бюджет есебінен жүргізіледі», - деді Жандос Нұрмағанбетов.

Фото: tets.kz

262 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз