Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 31 Мамыр, 2023

Елордада жастар Қазақ айдентикасының өткені мен бүгінін талқылады

Елордада жастар Қазақ айдентикасының өткені мен бүгінін талқылады, - деп хабарлайды АҚДМ баспасөз қызметі.
 
​Астана IT университетінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен JASTARx сараптамалық алаңының алғашқы кездесуі өтті. Кездесу саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне қарай «Қазақ айдентикасы: өткені мен бүгіні» тақырыбында болды.

Іс-шараға ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, сарапшылар, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, т.б. қатысты.

Сараптамалық алаңда спикер ретінде тарих ғылымдарының докторы Жақсылық Сәбитов, киносценарист Ұларбек Нұрғалымұлы, «Creeon» дизайн студиясының негізін қалаушы Қасымхан Жапанов сөз сөйледі.

Өз сөзінде министр жастардың қазақ айдентикасын қалыптастыру қазіргі уақытта өзекті мәселелерінің біріне айналғанын атап өтті. Бұған жастар ортасындағы қазіргі тенденцияларды ескере отырып, жаңа әлеуметтік өзгерістер мен ықтимал сын-қатерлердің орын алғаны себеп болып отыр. Министр Дархан Қыдырәлі бұл мәселені шешуде "азаматтық бірегейлік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызы зор" деп қорытындылады. 

Жиын соңында жастардың өзін тануы мәселесінде де өткеннің тағылымына назар аударып, азат және тәуелсіз ел құруға өз білімі мен тәжірибесін жұмсаған ұлы тұлғалардың өміржолын үлгі ретінде қалыптастыру маңызы  туралы айтылды.

212 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз