Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 29 Шілде, 2023

АҚШ-та оқу оңай...

FLEX – бір оқу жылын АҚШ-та өткізуге мүмкіндік беріп, талай жасөспірімнің арманын орындаған жоба. Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Муяссар осы жобаның 2022-23 жылдардағы финалисі атанып, 11-сыныпты АҚШ-та оқыды.

– Менің анам ағылшын тілінің мұғалімі. Сол кісі FLEX жобасы жайлы естіп, сегізінші сынып оқып жүргенімде маған айтты. Осылайша, жобаға тіркелдім. Бірақ бұл жоба жайлы ештеңе білген жоқпын, тек олимпиада екен деп ойладым. Сол жылы жобадан өте алмадым, – дейді ол.

Коронавирусқа байланысты Муяссар тоғызыншы сыныпта жобаға тапсырмаған. Бірақ оныншы сыныпта қайта тапсыруды ұйғарып, жоба финалисі атанды.

– Оныншы сыныпқа көшке-німде жоба туралы көп ести бастадым. Мен FLEX-ке қайта тапсырып, өтіп кеттім. Жоба үш кезеңнен тұрды. Ең қиыны үшінші кезең болды. Өйткені осы кезеңде барлық құжатты жинап, сұқбатқа қатысып, 45 минутта үш эссе жазу керек болады, – дейді жоба финалисі.

Муяссардың айтуынша, АҚШ-тағы өмірге, білім жүйесіне үйре-нісу қиын болмаған. Ол ондағы мектепте черлидерлердің қатарына қосылып үлгерген. Сонымен қатар, еріктілікпен де айналысқан.

 – FLEX маған жаңа отбасы, жаңа достар және керемет жыл сыйлады. Жоба ойымды жақсы жаққа өзгертіп, жаңа заттарды көруге мүмкіндік берді. Осындай мүмкіндік болса, жіберіп алма. Өзіңді әрдайым еркін ұста, – деді ол.

Муяссар айтқан мүмкіндік қазір туып тұр. FLEX жобасына тіркелу 1 тамыз бен 19 қыркүйек аралығында жүреді. Толық ақпаратты бағдарламаның Инстаграм-дағы парақшасы мен ресми сайтынан алуға болады. Сен де бағыңды сынап көр!

Анара ТҰРСЫНӘЛІ,
«Ұлан» газеті

11123 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз