- Инфографика
- 15 Тамыз, 2023
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4,1% көбейді
2023 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 13 843,1 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 4,1% көбейді, - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
2023 жылғы қаңтар-маусымда тауарлар экспорты 5 430,1 млн АҚШ доллары (36,8% көп), импорт – 8 413 млн АҚШ доллары (9,9% аз) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі Армения үлесі 0,2%, Беларуста – 3,3%, Қырғызстанда – 4,6%, Ресей Федерациясында – 91,9%.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы
(млн АҚШ доллары)
|
Экспорт |
Импорт |
||
қаңтар-маусым 2022ж. |
қаңтар-маусым 2023ж. |
қаңтар-маусым 2022ж. |
қаңтар-маусым 2023ж. |
|
Ресей |
3 571,4 |
4 935,2 |
8 689,2 |
7 784,9 |
Қырғызстан |
332,9 |
407,5 |
234,7 |
238,0 |
Беларусь |
45,5 |
77,0 |
403,9 |
379,3 |
Армения |
18,8 |
10,5 |
5,3 |
10,8 |
Барлығы |
3 968,6 |
5 430,1 |
9 333,1 |
8 413,0 |
Жекелеген жағдайларда қорытынды мен қосылғыштар сомасы арасындағы шамалы айырмашылықтар деректерді дөңгелектеумен түсіндіріледі.
ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 28,1%, одан кейін химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 25,5%.
ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 20%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі – 18,9%, сондай-ақ машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар бойынша – 18%.
838 рет
көрсетілді0
пікір