- Инфографика
- 23 Тамыз, 2023
Қазақстандықтардың көбі қай салада еңбек етіп жүр

Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,6 млн адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды kazgazeta.kz ұлттық статбюроға сілтеме жасап.
Оның ішінде:
жалдамалы – 6,9 млн адам
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2,2 млн.
Сала бойынша жұмыспен қамтылғандар үлесі:
- сауда – 16,6%
- білім – 12,9%
- өнеркәсіп – 12,3%
- ауыл шаруашылығы – 12,2%
- құрылыс – 7,1%
- көлік және қойма – 7%
- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 6,2%
- мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру – 5,8%
- басқа да қызмет түрлері – 3,9%
- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 3,1%
- әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету – 3%
- тұру және тамақтану қызметтері – 2,4%
- қаржы және сақтандыру қызметі – 2,2%
- ақпарат және байланыс – 2%
- жылжымайтын мүлік операциялары – 1,6%
- өнер, ойын-сауық және демалыс – 1,5%.
Өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда жұмысшылар санының азаюы ауыл шаруашылығында байқалған – 19 мың адамға, жылжымайтын мүлік операциялары бойынша – 18,9 мың адамға, құрылыста – 9,5 мың адамға, өнеркәсіпте – 7 мың адамға, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету бойынша – 6,4 мың адамға, өнер және ойын-сауықта – 6,3 мың адамға.
Қалған өзге салаларда қызметкерлер саны керісінше өскен.

3833 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *