- Инфографика
- 24 Тамыз, 2023
Қазақстанда дәрі-дәрмек қаншалықты қымбаттады?

Биыл шілдеде фармацевтика өнімдері айына 0,2%-ке және жылына 10,8%-ке қымбаттады. Дәрі-дәрмек нарығы бұрынғыша импортқа тәуелді, деп хабарлайды kazgazeta.kz Еnergyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Бір ай ішінде баға Павлодар облысында 1,2%-ке көтерілген. Одан кейін Ұлытау облысында 0,7%-ке, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, облыстарында 0,6%-ке қымбаттаған. Атырау мен Ақмола облысында баға өзгермеген. Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстарында, керісінше, 0,4%, 0,3% және 0,1%-ке арзандаған.
Жылдық көрсеткіш бойынша бағаның ең қатты өсуі Алматыда тіркелді. Жылына 18%-ке артты. Бұл үштікте Ұлытау (15,4%) және Қызылорда (14,9%) облыстары бар. Ең төменгі өсім Жетісу облысында байқалды - 5,9%.
Фармацевтика өнімдерінің ішінде бір айда парацетамол - 2,4%-ке, «Эссенциале форте Н» —1,6%, «Фенистил Нью» тамшылары —1,3%-ке, «Энап» — 0,9%, белсендірілген көмір – 0,7%-ке қымбаттады. Ал мына дәрілердің бағасы, керісінше, түсті: ацикловир - 0,7%-ке, азитромицин мен «Ингавирин» - 0,6%, «Смекта» - 0,5%, «Корвалол» - 0,4, «Ренни», «Аквалор Форте» спрейі - 0,3%-ке, «Йодомарин» мен ацетилсалицил қышқылы - 0,2%-ке, «Нурофен» - 0,1%-ке.
Жыл ішінде парацетамол - 58,2%-ке, йод ерітіндісі - 29,9%-ке, «Аквалор Форте» спрейі - 28,3%, амброксол - 21,5%, ацетилсалицил қышқылы - 18%-ке, белсендірілген көмір - 17,8%, ацикловир - 16,5%-ке қымбаттады.
Сол аралықта Астанада ТМККК мен МӘМС жүйесі аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арнайы құқық субъектісі ретінде бірыңғай дистрибьюторды үстеме бағалау жобасын талқылау бойынша жария тыңдалым өтті. «СК-Фармация» өз үстемесін 11,2%-ке көтергісі келеді.
Профильдік қауымдастық өкілдері неліктен баға өсетінін түсінбейтінін айтты.
Жалпы Қазақстанның өзін фармацевтикалық тауарлармен қамтамасыз ету дәрежесі төмен. Мәселен, биылғы жылдың қаңтар-маусым қорытындысы бойынша провитаминдер, витаминдер мен оларды өндіруге сұраныс (ішкі нарықты жүзеге асыру және микроскопиялық экспорт) өте төмен, 0,02%-ке қамтамасыз етілді. Елде осы кезеңде барлығы 43 келі ғана витамин өндірілді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 48,3%-ке көп. Салыстыру үшін: импорт 173,2 тонна болды (жылына плюс 10,4%).
Антибиотиктерге сұраныс жақсырақ қамтамасыз етілді, соған қарамастан 38,2% қана. Антибиотик өндірісі 7,8 тоннаға жетті, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 11,2%-ке көп. Ал импорт 12,7 тонна болды, минус 50,7%. Соған сәйкес импорт үлесі 61,8%-ті құрады. Ішкі нарықта 20,4 тонна антибиотик шығарылды, ол бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 38%-ке аз (оған коронавирус пандемиясының азайғаны да әсер етті).
Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан 694,2 млн АҚШ долларына 13,9 мың тонна медикамент импорттады. Табиғи көрсеткіште өсім – 11,9% болса, ақшалай импорт көлемі, керісінше, 3,7%-ке азайды.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға 4 мың тонна дәрі-дәрмек кіргізді, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,8%-ке аз. Ең көп дәрі-дәрмек Ресейден әкелінеді екен: 40,9 млн АҚШ долларына 2,9 мың тонна. Сондай-ақ Қазақстан Белорусь пен Украинадан айтарлықтай дәрі-дәрмек импорттайды: 609,9 және 413,3 тонна.
ТМД құрамына енбейтін басқа елдерден импорт көлемі 9,9 мың тонна болды. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 19,9%-ке көп. Үздік үштік құрамында Қытай (2,2 мың тонна), Германия (1,3 мың тонна) және Үндістан (1,2 мың тонна) бар.

4454 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *