Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 09 Қыркүйек, 2023

Алматыда «Kitap Fest Almaty 2023» кітап фестивалі өтіп жатыр

Алматыдағы Арбатта «Kitap Fest Almaty 2023» кітап фестивалі өтіп жатыр,-деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі. 

Биыл Kitap Fest Almaty фестивалінің тақырыбы: «Ұлттық әдебиет. Ұлттық тіл. Ұлттық дәстүрлер». Іс-шараға келушілер Сәуле Досжан, Бейбіт Сарыбай, Смағұл Елубай, Абылай Юсупов, Досым Сәтпаев, Әсел Сапақова және т. б. танымал тұлғалармен кездесу өтіп жатыр. «Менің алғашқы ертегілерім», «Как оседлать единорога?», «Tarmaqtar» және т. б. жаңа кітаптардың тұсаукесері болуда. 

Фестивальде «Ауылға кітап» дәстүрлі акциясы өтуде, онда кез келген адам кітапты Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыра алады. Сонымен қатар, алматылықтарға 5000 тегін кітап таратылатын бірегей «Кітап лабиринті» құрылды.

KitapFest кітап фестивалі 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл аралықта ол шығармашылық жазушылық кездесулер үшін бірегей алаңға айналды. Мұнда танымал қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 200-ден астам кітаптың тұсауы кесілді.

Суреттерді түсірген Досжан Балабекұлы

735 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз