- Таным
- 11 Қыркүйек, 2023
Жаратылысымыз – қазақ, сипатымыз қандай?

Қазіргі заманғы қоғамдық өміріміздегі еніп отырған интеграция мен инновация атты ұғымдардың баламасын тарихи жадымыздан іздегенде бабаларымыздың кезінде мұндай терминдерді білмесе де, олардың мән-мағынасының түпкі төркінін бүгінгі ХХІ ғасырдағы ұрпақтарына үлгі болатындай етіп айтып кеткеніне де таңданып қалдық.
Олай деуге себеп: байырғы қазақтар қазіргі «интеграция» деген ұғымды «Үйдегі ойды базардағы нарық бұзады» деп түйіндеп, «жалғыз шапқан ат жүйрік» деп мысқылдаған, бүгінде оны «бәсекеге қаблеттілік» деп айтып жүрміз, ал «инновацияның» мәнін «алдымен керегіңді емес, қажетіңді таңда» деп қажеттіліктің шын мәнін, ақиқатын «Арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас екен» деп түсіндірген. Мысалы, күнделікті тіршілік-тұрмыстағы: алдымен баспана, сосын ыдыс-аяқ, төсек-орын деген сияқты қажеттіліктер. Осы тұста әруақытта ақиқатты түсіну үшін ескеретін жайт: «Билік сені қаншама жұбатқанмен – қажеттілік сені аямайды», билік те, халық та алданғанмен жаһандану көші күтіп тұрмайды».
Мәселен, бір ғана фактіні келтірейік. Шетелдік бидайдың өнімділігі біздің елдегі бидайдан 4-5 есе жоғары делік. Біз де соншалықты өнім алғымыз келеді. Сондықтан сол дақылдың тұқымын шетел ақшасына сатып алдық делік. Сонда неден бастау керек дейміз. Алдымен сол тұқымның өз жерінде қалыптастырған табиғи түпкі қазығынан түгелдей ажыратып тазартып алуымыз керек. Себебі, онсыз бос зиянды әурешілік болады. Егер де сол тұқым өз жерінде (отанында) 3-4 егілген өнімнен алынған болса, онда жалпы сөз етудің де қажеті жоқ. Осыған ұқсас табиғи факторларда малшаруашылығы саласында да басты рөл атқарады.
Ал енді осындай фактіні өз жерімізден де іздеп көрейікші. Мәселен, Атыраудың мұнайымен ластанған топырақты сол жергілікті Атырау аймағының микроорганизмдері ғана тазартатын көрінеді. Дәл сондай микроорганизмдерді басқа аймақтардан (Томск, т.б.) әкеліп пайдаланбақшы болғанда, олардың бірде-біреуі атыраулық әріптесі құсап тазартпақ түгел «мұрнын шүйіріп» жоламайтын да көрінеді.
Мұнан туындайтын негізгі шындық, әрбір елдің ішкі қоғамдық өмірін, оның қоршаған ортасымен және аймақтық табиғи ерекшіліктерінен бөліп-жарып,ескермей дамыту мүмкін емес.
Дәлелді ақиқатты алыстан ізмей-ақ өзіміздің күнделікті көзге көрініп тұрған, ішкі көріністерімізге жататын: Түркістан облысында ғана өсетін мақтаны, Алматы, Қызылорда күрішін Ақтөбе, Оралда, сондай-ақ Алматы, Жамбыл облысының қант қызылшасын солтүстік аймақтарда өсіре алмайтынымыз белгілі ғой. Яғни, бұл табиғи талаптарға қайшы әрекеттер емес пе? Бұл да біздің табиғи талап деп жүргеніміздің бір ғана фактісі. Демек, мұны олардың сол өсіп-өнген, ортасына тән бейімділігі (адаптация) түгелдей сол өз аймағының «тілінде» сөйлеп, үрдісін сақтай білуі деп түсінуге болады.
Бұл орайда «инновациялық жолмен халқымыздың экономикалық, әлеуметтік ахуалын қалай көтеруге болады?» деп білікті мамандардан сұрасаңыз олар: «шет елдік инвесторар бүгін бар, ертең жоқ. Бізге тұрақты ішкі инвесторлар керек» дейді. Ал, ішкі инвесторар кім десең? «Олар – орта тап, бірақ олар Қазақстанда жоқ» деп жауап береді. «Неге олар жоқ?» десең: «Ел экономикасына құйылатын инвестицияның 80%-ы өз азаматтарының, қаржысы, қалған 20% дайын шет елдік үлесте болуы керек» дейді. Демек бұдан елі де, халқы да бай, дамыған елдердің негізгі табысы ішкі өз өнімдерінен түседі деп жүргендерінің ақиқаты (құпиясы) осындайда жатыр екен деп ұққандай боласың.
Мұнадайды бабаларымыз: «Асқынған, алатын ауру бүкіл денеңді жайлап, улап, ішке түседі» деп түсіндірген. Міне, бұл да олардың сол өсіп-өнген ортасына толықтай бейімделгендігінен, түгелдей дерлік сол өз аймағының «тілінде» сөйлеп үрдісін сақтай білуінде деп түсінуге болады. Анығында бұл жерде қазақтың «жерсінбеді» деген табиғи ақиқатқа негізделген тағылымының мәнін тағыда түсініп ұққандай боласың. Демек, мұнан шығатын қысқаша ұғым (түсінік) табиғатпен гармониялық сәйкестік баршаға бірдей өзіндік ұтымды әсер ете алады деген сөз. Сондай-ақ, Қазақстан суларынан ауланатын балықтардың 90 пайыздайы жерсіндірілген балықтарға жатады. Сондықтан осындай табиғи талаптарға қайшы бағытталған қандай да болсын бағдарламалардың әруақытта іске аса бермейтінін ескерткім келеді.
Осындайда табиғаттың сілтеуі мен үлгісі дегеннен шығады. Бала кезімнен есте қалған бір оқиғаны айтайын. Күзге салым, қыстаудың жанындағы киіз үйде, үй-іші ақсақалдардың батасын алайық деп, қой сойып, дәм татқызды. Сонда бір ақсақалдың: «Мына малды жайлауға жібермей, осы жерде ұстапсыңдар ғой» дегенін естіп, қайдан біледі екен деп таң қалғаным бар еді. Шынында да сол мал қыстаудың маңында ұсталған еді.
Қарапайым шаруа тілімен айтқанда, әрбір отбасына керекті қажеттіліктен бастап, қоғамдық өмірде де, тіпті шетелдермен интеграциялық қарым-қатынастағы әрекеттердің де, жергілікті ортамен байланыстағы сұраныс пен мүдде-мақсатымен, ішкі табиғи инновациялық потенциялымен, аймақтық ерекшеліктерімен тікелей үйлесіп, қалыптаса (адаптация) алмаса, одан тиянақты күткендей нәтиже шықпайтыны бүгінгі әлемдегі елдер тәжірибелерінде сыналып дәлелденген күмәні жоқ факторлар екені белгілі.
Міне, осындай жергілікті сыртқы ортаның өзіндік аймақтық әсерлері жайында анықтай көзім жеткен бір фактіге ғана тоқталып өтейін.
Балық шарушылығында балықтың тұқымын қолдан алып, өсіру үшін (гормоналдық әртүрлі ықпалына байланысты) сол балықтардың гипофизін (миы) пайдаланады.
Мысалы, сазан табиғи жағдайда тұқымын маусым айында тастайды десек, оны гипофиздың көмегімен қажетті жағдайын жасап, 2-3 ай ерте алуға болады. Енді осы гипофиздың қолданыстағы сапалық денгейін қалай анықтауға болады дегенде, олардың аймақтық сыртқы ортасына тікелей байланысты болатыны ескерілуі керек екен.
Сондықтан балық гипофизін гормоналды тауар ретінде дайындағанда, оны қолдануда немесе тұтынушыға өткізгенде, алдымен аймақтық табиғи ерекшіліктерін есте ұстау керек.
Өйткені, бұл оның сапалық деңгейін анықтайтын жергілікті табиғи ерекшелігінің аса қатаң жауапкершілігінің ең негізгі факторы.
Жауапкершілік демекші, бірде Түрікменстаннан «тауарларыңыз сапасыз, көптеген шығынға ұшырату қаупі бар, шешімін тездетіп айтыңыздар» деген жедел хабар түсті.
Тағыда бұл хабардың аса жауапкершілігі сонда, Түрікменстан сол кезде одақта алғаш рет, Қытай (қазіргі Ақамур) балығының тұқымын жасанды түрде алуда осы гипофизарлық әдістемені бірінші рет жүйелі енгізіп, басқа барлық республикаларға таратып жатқан шағы еді.
Бірақ, мен «екілік» алған оқушы құсап, үндемей қалмай: «өзім барып, қажетті сапасын анықтап беремін», тек қана менің іс-сапарымның шығындарын өз мойындарыңыға алыңыздар» деп қарсы талап қойдым.
Көп ұзамай қайта хабарласып, кінә өз қызметкерінен екенін, оны жұмыстан шығарғанын айтып, кешірім сұрап, қолдан келетін көмектерінде беретінін ескртті. Кейін айтқан көмектерінде жасады. Ресей, Украина т.б. республикалар тарапынан мұндай жайттар кездескен жоқ.
Енді жаңа қоршаған ортаға бейімделу мен жерсіндіру рөлі (ықпалы) дегенде, өзім куә болған фактілерге қысқаша тоқталып кетейін. 1966 жылы (өткен жылдарда) Қазақстанның солтүстік облыстары (Ақмола, Көкшетау, Солтүтістік Қазақстан) көлдеріне алғаш рет жерсіндіру мақсатында жіберілген, суық аймақтық сиг тұқымдас (рипус, ряпушка, пелядь, омуль, чудской сиг т.б.) балықтарының жаңа ортаға қалыптасу биологиясын зерттеуге арнайы КазНИИРХ (Қазақтың балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты) ұйымдастырған экспедицияны басқаруды сол кездегі ең жас маман маған жүктеді. Осы жерде ескере кететін бір жайт сиг тұқымдас балықтар уылдырықтарын қыста, ал қазақстандық балықтар көктемде шашатынын айтуға болады.
Жерсіндірілген балықтардың әртүрлі аймақтардағы көлдерде (өсу деңгейі, коректенуі, т.б) көрсеткіштерінде өзіне тән айырмашылықтар болатыны анықталды. Мысалы, Көкшетаудың «Саумалдыкөліндегі» рипустың (өсу салмағы, тұрқы, майлылығы) басқа аймақтардағы сол жастағы аттастарына қарағанда 2-3 есе жоғары екені назар аудартты.
Жалпы балық шаруашылығы саласында, жерсіндіру (акклиматизация) алдымен еліміздің аймақтық климаттық айырмашылықтарына негізделген қолдан балық өсірудің 6 зонасы ескеріліп, оларға үш сатылы деңгейде зерттеу жұмыстарын жүргіздік.
1 – интродукция (жіберу), 2 – аккиматизация – жаңа ортаға қалыптаса бастау көрсеткіштері, 3 – натурализация. Сол жіберілген объектілердің ұрпақтануы мен олардың әртүрлі параметірлік көрсеткіштеріне байланысты қажетті шешімдер қабылданады.
Жаңа ортада қалыптасу деңгейін көтеру мақсатында көбінесе қорғануға қаблетті денгейдегі жас шабақтарды жерсіндіру әдісін қолдандық.
Сондай-ақ, кеңестік дәуірде Қазақстанның басқа одақтас республикаларға қарағанда аумағының үлкендігімен және оның әртүрлі климаттық аймақтардан тұратынына байланысты, Республиканың Балық шаруашылығы министрлігі де, ғылыми зерттеу институты мен орталық жерсіндіру (акклиматизация) станциясы да тек қана Ресей мен Қазақстанда болды.
Нәтижесі деп, сол кезеңдерде республикалық балық шаруашылығының елеулі жетістіктерге жетіп яғни әртүрлі аймақта халық сұранысына ие құнды балықтар түріне (90%) жерсіндіріп пайдалануға берілгенін айтса да болады.
Мысалы, ХХ ғасырдың 70-жылдары Балхаш көліне жіберілген судактың (көксерке) көлдің жылдық балық өндіру деңгейін сол жылдары екі есеге дейін көтеріп, өзінің 7,5 мыңдай тонна жылдық жеке көрсеткішін белок мөлшерімен есептегенде, оның 500 отар қой етіне тең болатынын және судактың әр уақытта ең жоғарғы тұрақты шетелдік сұранысқа ие екенін келтіруге болады.
Енді қазіргі инновация мен интеграцияя дегенде өткен ғасырдың 80-ші жылдары Одақта бірнеше жылдар бойы Кеңестік үкімет тарапынан ТЭЦ, ГРЭС-тердің салқындатқыш су қоймаларында жапондыық балық өсірудің өнімді, озық технологиясын енгізу (қолдану) жөнінде қатаң талаптар қойылды. Сонлықтан бұл бағытта 5 жылдан астам ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Қазақстанның жылу-электр станциаларының салқындатқыш су қоймаларында аталған жапондық озық технологияның біздің аймақтағы түрлі себеп-факторларға байланысты күткендей нәтиже бермейтінін дәлелдеп, оны қолдануға, енгізуге болмайды деген тұжырымдама жасадым. Ол кезде институт тікелей Мәскеуге қарайтын (қаржыландыратын). Бірақ ол жақтан жыл сайын есеп беріп жиі кездескенде де ешқандай ескерту не басқа нұсқаулар түскен жоқ.
Сол жылдардың бірінде, тіпті күтпеген кездейсоқтық эпизодттарда кездесті. Жезқазған ТЭЦ-нің аттас суытқыш су қоймасында сол озық жапондық балық өсіру технологиясын енгізу жөнінде позитивтік шешім қабылдайтын тиісті мекемелермен алдын ала келісілген көптеген дайындық жұмыстары жүргізілген үлкен мәжіліс болды. Ол мәжіліске институт өкілі ретінде (КазНИИРХ) менде бірінші рет қатыстым. Маған сөз ең соңында берілді. Мен зерттеу фактілерім жоқ болса да, бұл жерде аталған технологиялық әдісті қолдануға болмайды деп мәлімдедім.
Сондағы менің дәлел ретінде айтқан қысқаша уәжім: қазақтардың әлмисақтан жайлауда киіз үйлерінің есігін еш уақытта арқаға қарата тікпейтінін, өйткені оның арқа беттен үнемі жел соғып тұратынына байланысты екенін, сол сияқты су қоймасыныңда арқа бетке орналасқанын оның жиі соғатын салқын толқындарының ТЭЦ-тен шыққан жылы суларды лезде суытып жіберетінін, сөйтіп оның технологиялық талапқа сай келмейтінін айттым. Проблема сол қүйінде қалды.
Міне, бұл абыз бабаларымыздың ұрпақтарына табиғи тілде сөйлеп көрсеткен көптеген үлгі-өнегесінің бір парасы ғана.
Сондықтан мұндай фактілердің шындық екенін, тәуелсіздігіміздің 30 жылындағы, көптеген шет елдік озық тәжірбиелерді енгіземіз деп еліктеп, қала берді өз ішімізде де «жамырағандай» ұрандатып қаншама, реформа, бағдарлама қабылдасақ та, күткен үмітіміздің ойлағандай ақталмағандығын да жасыра алмаймыз.
Демек, қоршаған орта, аймақтық жергілікті орта дегенде, өркениетті ел деп жүрген АҚШ-тың өзі де қоршаған орта туралы заңын алғаш рет 1970 жылы ғана қабылдады. Ал біздер бұл жылдары басқа жоғалтқан байлықтарды айтпағанның өзінде, әлемге жылына 50 мың тоннадан астам құнды байлықтар беретін Арал теңізінің көзін жойған едік. Бұл ет мөлшері бойынша жылына 250 мың бас ірі қара малды сойысқа түсіретін табыс көзі еді.
Бұл да біздің табиғат талабына қарсы жүргізген әрекеттерімізден туындаған дағдарыстың бір ғана фактісі.
Енді мақаламыздың аты айтып тұрғандай проблеманың шешімін іздеу барысында, әлемдік ғылым мен техника (технология) көштерін бастап отырған Жапония, Израиль елдерінің: «Бала тәрбиесін ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруден бастау керек» деген пікіріне құлақ асқанда, қазақтардың: «Елдің ұлылығы – перзентінде» атты қағидатының мән-мағынасын түсінгендей боласың.
Сөйтіп, алдымен шешімді жаратылыс (табиғат) заңдылығының өзінен іздегенімізде, мемлекет құрушы ұлт қазақтарды, олардың ұрпақтарын саналық тәркіленуден, ұлтсызданудан, жойылудан, ұлттық мемлекетін қалыптастыру мен оның қауіпсіздігін сақтай алмаудан құтқаратын табиғи жолы да бар екеніне көз жеткізгендей болдық.
Ол – осы фәни дүниедегі жаратылыс принциптеріне қайшы келетін саналы түрде жасанды жолмен жүргізілген әрекеттердің нәтижесі – ұлттық тілін жоғалтқан, мәңгүрттеніп ұлтсызданған қазақтардан табиғи тұрғыдан алғанда тікелей ондай ұрпақтар тарап, тумайтындығында екен.
Өйткені аталған ұлтсыздану, жойылу процестері генетикалық (тектілік) кодтағы тұқымқуалаушылық жолымен берілетін аурулар сияқты ұрпақтан ұрпаққа берілмейді дейді зерттеуші ғалымдар. Мәселен, осы фәни өмірде, кездейсоқ аяғынан, қолынан, көзінен айырылған адамнан ешуақытта ондай мүгедек ұрпақ тумайтыны сияқты табиғи заңдылық екен.
Міне, бұлда тарихи Отанында ХХ ғасырдың аяғында ұлттық тәуелсіздігін алған қазақтардың соншама жыл табиғи, тарихи ұлттық мүдделі рухтағы дамудың сара жолына түсе алмай, бастарына түскен негативті тауқыметтен қалай шығудың жолдарын таба алмай, қиналған сәтінде мұны табиғаттың (жаратылыстың) өзінің ақиқатқа жол сілтеп көрсеткен үлгісі депте қабылдауға болады ғой. Сондай-ақ, генетикалық код пен ұлттық код атауына сыртқы ортаның әртүрлі ықпалының бар екенін де аңғаруға болады.
Мәселен, тәуелсіз кезеңдегі қазақтардың орыстілді, қазақтілді болып бөлінуінің жалғасуы, ұлттық дүниетанымдық өзгерісі, нақты мүдделі ұлттық мемлекеттік идеологияларын қалыптастыра алмауы, психофизиологиялық, идеологиялық құлдық санаға берілуі және кейбір биологиялық тұрғыдағы (әсіресе, ұлттық тілге байланысты, т.б. негативті фактілерді соңғы эпигенетика іліміне сәйкес, тәуелсіз кезеңдегі табиғи талап принциптеріне кереғар жүргізілген әрекеттерден туындаған көріністер қатарына жатқызып жүрміз. Сонымен бірге оны айқындап зерттесе әлеуметтік, экономикалық, тіпті саяси ұстаным принциптерімен де тікелей байланыстығы болатынын да пайымдауға болады. Сондықтан бұл жолды қоғамдық өмірдегі жиі кезігетін, бірақ табиғатта жоқ: сыбайлас жемқорлық, парақорлық, алдау-арбау, сатқындық, т.б.негативті факторларға объективті тосқауыл қоя алады деген тоқтамға келдік.
Ендеше, осындай қоғамдық өмірдегі қауіпті кедергілерді жойып, өшіру үшін неден бастау керек дегенде, алдымен міндетті түрде осы кезеңге дейінгі жасанды жолмен енгізілген табиғи қайшылықтарды түбірімен, түгел жою абзал. Себебі, ондай қайшылықтардың ақиқаты жұқпалы аурулардың вирусы сияқты біреу-ақ. Оларды үгіттеп не насихаттаудың ешқандай қажеті жоқ. Өйткені, табиғи шындығы оның талабың мойындап, сөзсіз орындау ғана.
Таратып айтқанда, мұндай қадамды бүкіл қазақстандықтар үшін, эпигенетика ілімінің теориялық базалық бағдарламасымен үндестіктегі ұлы Абайдың: «Ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес» деген даналығының тамырына терең үңіліп, жаңа бағыттағы заманауи биігінен көрінетін нақты мақсатты игілікке бастайтын жолдарды іздеуге табуға септігі тиер еді деп ойлаймыз.
Тағы бір киелі ұстанымның бірі – балабақшадан бастап, әрбір қазақстандық азаматтың өзінің табиғи, тарихи, рухани қоршаған ортасын танып, түсінуге, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін оятатын тағылымдық, танымдық, көрнекті әрі рухани құрал ретінде Қазақстан географиясын жаппай міндетті түрде оқып білуі шарт. Өйткені осыған ұқсас өзіндік тәсіл Франция, Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония тәрізді дамыған елдерде қолданысқа ие екенін белгілі.
Қазақстанның тағы ең бір оңтайлы сирек потенциалды резервтерінің бірі – еліміздің көптеген дамыған өркениетті елдерден, бірден-бір ерекшелігімен мен артықшылығы – жер көлемі мен оның әртүрлі табиғи, климаттық мүмкіндігінің молдығы. Ендеше, осындай талассыз әлеуетті мүмкінідігімзге шетелдік миллиондаған қандастарымызды (қазақтарды) Ата-баба жұртына шақырып, «неге өркениетте игілікті істерге бірігіп қадам баспай отырмыз?» дегіміз келеді. Міне, бұл да қазақ елінің өзіндік даму сара жолын таңдау бағытының инновациялық алғышарты бола алады. Қорыта айтқанда, мұны «Қазақстандық бренд» немесе Қазақ елінің «Отан анасының табиғи, әлеуметтік, экономикалық, салт-дәстүрі, әртүрлі шаруашылық, т.б. тілінде сөйлей алатын, оның тарихи қадір-қасиетін қастерлеп ұстанатын өзіндік интеграциялық, инновациялық ерекшеліктері бар ел» болар еді деп түсінген абзал.
Енді тіл мәселесіне келейік.
Алдымен «тіл тағдыры – ел тағдыры» деп пайымдап, қазіргі мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қазіргі ахуалына «кім кінәлі, деп емес, негізгі тудырған себептері неден» деген сұрақтарға обьективті жауап іздеуіміз керек деп шештік.
Бұл тұста ойымызға келгені – «Тілдің жаны – сөз» деген шындыққа жүгініп, қазақтардың тарихи Отанында осы уақытқа дейін бір-бірімен жаппай қазақша сөйлесе алмауын – олардың ұлттық, қоғамдық санасының «инсульт» сияқты дертке ұшыраған симптомына ұқсаттық.
Сонымен қатар бір байқағанымыз, егемендік алғаннан кейін біздің ескі жұрттан көше алмай адасып қалуымыздың бірден-бір себебі ол, сөз жоқ, қай халықтың да алдымен өзінің психологиялық ұлттық тәлім-тәрбиесінің қазанында қайнап-пісіп жетілуі керек екенін, өйткені әрбір ұлттың тәрбие жүйесі өзіндік тарихи эволюциялық жолымен түзелетінін, ал оның табиғи-тарихи ақиқаты – бір халықтың ұлттық (тілін, т.б. құндылықтарын) ұстанымын, табиғи талапқа қайшы екінші халыққа теліп, не кигізуге болмайтындығында екен. Демек, 1991 жылы саяси тәуелсіздігін алған, бүгінде халқының 70 пайыздан астамын құрайтын мемлекет құрушы ұлт қазақтардың ұлы мақсатты ұлттық сара жолына түсе алмай, алғашқы қадамы табиғи талапқа қайшы Конституциялық «қостілідік» ұстанымынан басталғанын ешкім де дәләлдеп теріске шығара алмайды деп есептейміз.
«Қостілділік» ұстаным бүгінгі әлемдік елдер тәжірибесінде сыналған, ғылыми дәлелденген ешқандай күмән тудырмайтын, бұлтартпайтын баламасы жоқ табиғи талапқа қайшы әрекет. Олай деуге себеп – ұлттық дамудың түп қазығы – ұлттық тәлім-тәрбиеден басталатындығында екен.
«Тәрбие негізі – тәлімнен басталады» дейді қазақтар. Өйткені, тәрбие ақпарат емес, ол иррационалдық құндылық , ол білім ақпараттары сияқты ми арқылы берілмейді, оның берілу арнасы бөлек, ол адамға жан дүниесі арқылы, жүрек арқылы, социо-генетикалық код түрінде жетеді екен.
Міне, осы тұста көшпелі қазақтардың: «Баланы 7 жасқа дейін төбеңе хан көтеріп тәрбиеле», оларды ұлағатты ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, оқытып емес, айналасында өмірден көргендерін, естігендерін жүрегімен қабылдап, ойнап-күліп қызығына тоймай қуанып өсе берсін деген қағидатының да терең түсінік екенін аңғаруға болады. Яғни, оны сыртқы ортаның, әсері деп те түсінген абзал.
Мұның табиғи ақиқат екенін ұлы бабамыз әл-Фараби «тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деп сан ғасырлар бұрын тәрбиемен білімнің аражігін ажыратып анықтап айтып кеткен.
Енді осы кемеңгерлік қағидатты бабаларымыздың «тәрбие көзі – тағылымнан басталады» деп түйіндеп «ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілерсің», «көргенді, көргенсіз бала» екен деп, оған ұлттық тұлғалық қалыптасу деңгейіндегі сипатта баға беруі – менің түсінігімде әлемдік педагогиканың тәрбиелік негізіне толықтай жауап бере алатын ұстаным емес пе екен деп бағалаймын.
Сондай-ақ қазақтардың: «Жаста берген тәрбие – жас қайыңды игендей» деген тұжырымын ЮНЕСКО-дан бастап, дүниежүзі елдерінің бұлжытпай ұстанып отырған табиғи заңдылыққа негізделген «Этнотәрбиемен» яғни ұлттың тіліндегі 12 жасқа дейінгі тәлім-тәрбиемен тұтастай сәйкестігін айтуға болады.
Енді мысал ретінде өзім куә болған бір оқиғаны баяндайын.
XX- ғасырдың 80-ші жылдары Мәскеудіің Қазан вокзалында, екі өзбек солдатының бір-бірінің аузына түсіп кетердей дауыстарын көтеріп, дабырласып тұрғанына назар аударып, біреуінің көзі жасқа толып жасаурап тұрғанын байқап «что ты, плачешь что ли?» дедім. Сонда әлгі өзбек солдаты: «Бір жарым жыл службамда бірде-бір рет өзбек сөзін естімедім, міне бүгін естіп, біртүрлі жүрегімді шымырлатып тұр» деп жыламсырағандай болып жауап берді. Бұл дегенің ұлттық патриотизмнің боямасыз көрінісі емес пе?
Сондай-ақ, өткен ғасырдың соңғы жылдарында тарихи Отанына оралған шетелдік қандастарымыздың (қазақтар) Қазақстан жеріне алғаш қадам басқанда жата қалып, ата-баба жұртым деп, қара жерді құшақтап ағыл-тегіл жылаған көріністер көпшілік есінде. Бұл да – ұлттық тәрбие, патриоттық сезім оқумен емес, жан-тәнімен жүрегімен қабылданып берілетін ақиқат екенінің баламасыз көрінісі болып табылады емес пе.
Осы орайда, бірде ғұламадан «баланы қай жастан бастап тәрбиелеу керек?» деп сұрағанда ғұлама «Баланың дүниеге келгеніне қанша күн болды?», дегенде шешесі: «отыз күн болды» депті. Сонда ғұламаның «отыз күн кешіккен екенсің» дегенін: «Бүгінгі бір күнгі тәрбиең, ертеңгі ұзақ мерзіммен өлшенетін не қайғы-қасіретің, не қуанышың-бақытың» деп түсіну ләзім деген.
Қорыта айтқанда: «Жаратылысы қазақ - қазақтар, неге қазақ бола алмай жүр?» деген сұраққа: тарихи да, табиғи да, ғылыми да, рухани да, қоғамдық өмірдегі де тұтастай байланыстағы баламасы жоқ басты себебі - ол алдымен баланың табиғи ұлттық тәлім-тәрбиені ұстанбаудан басталған ұлттың «табиғи қасіреті» деп сеніммен айта аламыз.
Өздеріңізге белгілі мақала барысында «орыс тілді қазақтардың» пайда болуы олардың ұлттық санасының тәркіленуінен басталған деген едік. Сондықтан, адам санасының туғаннан бастап, есейгенге дейінгі толықтай даму процесі жайындағы қазіргі екі ғылыми мәлімдемеге қысқаша назар аударайық.
Бірінші. Психофизиологиялық тұрғыдан сана мен адам миының тербеліс жиілігінің дамуын бір-бірімен пропорционалды тұтастық байланыста 5 сатыға бөледі (дельта, тета, альфа, бета, гамма).
Бұл тұғырнаманы бүкіл әдем елдері – ұрпаққа білім мен тәрбие беруде алғышарт етіп ұстанып отыр.
Ересек адамдарға бұл 5 даму сатысы (деңгейі) толықтай қалыптасып, кез-келген уақытта тікелей бір сатысынан екіншісіне өтіп, сыртқы орта ақпараттарымен (оқиғалармен) үндестікте, сәйкестікте(гармония) қызмет істей алатын көрінеді.
Ал, балаларда бұл 5 даму деңгейі жасына қарай (тектілік заңына сәйкес) ең төменгі сатысынан жоғарғы сатысына дейін, табиғи реттіліктен ауытқымай біртіндеп көтеріліп дами бастайды екен.
Мәселен, 2 жасқа дейін төменгі сатыда ( көбінесе ұйқыда), 2 жас пен 6 жас аралығында саналы түрде қабылдаудан төменгі саты – түпсанада (подсознание), ал 6 жаспен 12 жас аралығында біртіндеп көтерілген дамудың 5 сатысы да бала бойында түгелдей көрініс таба бастайды екен.
Осы соңғы даму деңгейін (12 жас) табиғи ұлттық санасы мен ұлттық кодының (ақпараттар жүйесі) бала бойында жеткілікті мөлшердегі қалыптасу тұсы деп есептеп, бұл кезеңде баланың кез-келген сыртқы орта факторларымен гармониялық байланыс орнатып, биологиялық деградацияға (сананың тәркіленуі) ұрындырмайтын кезеңі деп қабылдауға болады екен. Мұның баламасыз табиғи ақиқат екенін Жапония елінің көпжылдық ұстанымдық тәжірбиелерінен де көріп отырмыз.
Қысқаша айтқанда, бұл кезеңде биологиялық резонанс теңеседі. Бұл процесс (ішкі цикл) барлық ұлттарға бірдей тән биологиялық-эволюциялық (психофизиология) фактор. Сондықтан егерде Қазақстандық шет тілдерін оқыту, үйрету әдістемесін (тілін шығару, балабақша) жаппай әлемдік қолданысқа енгізсе, онда орыс, ағылшын, қытайыңнан бастап, әлемдегі кез-келген ұлттарды «мәңгүрттендіру», «ассимиляциялау» аса қиындық түсірмейді екен.
Мұның байырғы қазақтардың: «Баланы 7 жасқа дейін төбеңе хан көтеріп тәрбиеле, 7 мен 14 жас аралығында құлыңдай жұмса, 14 ке шыққаннан кейін өзіңмен тең сана» деген дүниетанымның ғылыми қоғамдық фактілерден де алшақ емес екенін аңғаруға болады. Өйткені, бүгінде қоғамдық тұрғыда ресми жастар деп 14 пен 30 жас аралығындағыларды атап жүр. Қазақтың аталы сөзі «отызда орда бұзар» дегені тағы бар.
Екінші. Бүгінгі таңдағы энергоинформациялық ағымға негізделген ғылыми мәлімет бойынша адамның бүкіл ғұмырлық тіршілік әрекеттері : ойы, эмоциясы, істеген-істейтін істері, сөйлеген сөздері, т.б. құндылық болмыстары осы аталған 5 деңгейдегі мидың тербеліс жиілігімен ғарыш заңдылығы бойынша энергетикалық қуаттың күшімен түгелдей реттеліп, басқарылып отырады» дейді зерттеуші ғалымдар.
Сөйтіп, екі ғылыми тұжырымда, толықтай сәйкестенген көзқарастарды білдіреді екен.
Осы жерде, (ішкі механизмдерін зерттеушілердің өз құзырында қалдырып) «адамзаттың саналық ғұмырының мегакомпьютері» аталған баланың 2 жас пен 6 жастағы (түпсана) рөліне қысқаша тоқтала кетейік.
Ерте замандағы қазақтардың: «тәрбие атаның белінде, ананың құрсағында басталады», «тегіне тартқан», «шыққан жатыры сол ғой, нағашысынан жұққан ғой» деген тағылымдарын бүгінгі зерттеуші ғалымдар да теріске шығармай» адамның тұлғалық мінез-құлқының белсенді қалыптасу кезеңдерін сәбидің ана құрсағынан 6 жасқа дейінгі мерзіммен байланыста болатынын мақұлдап отырғаны да кездейсоқтық емес.
Тағы бір ерекшелігі бала бұл кезеңде (миының қабылдау қабілетінің саналық қабылдау деңгейден төмен болуына байланысты (түпсанада) гипноитдық күйде болып, фантазиясы мен реалды өмірді араластыра беретін көрінеді.
Мұны ауылда өскен қазақтардың бала кезіндегі шыбықты ат қылып мініп, оның тулап құлата жаздаған кезінде, басына да сауырына да шыбық қамшымен сабалап, күн ұзағына мәз болып ойнағанынан да байқауға болады. Бүлдіршін қыздардың қуыршық ойнағаны және «бала тілі – бал» шағыда осы кезеңде.
Негізінде бала 6 жасқа дейін айналасында көргендерін, естігендерін табиғи даму деңгейіне байланысты, талғамай, ажыратпай, жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс демей барлығын түгелдей түпсанасына (подсознание) жинап сақтай беретін көрінеді. Мұны қазіргі заманауи ғылыми тілмен айтқанда «түпсана – адам тағдырының мегакомпьютері» дейді.
Өйткені, адам саналы ғұмырында (көргені, естігені, көңілге түйгені, өмірлік тәжірибесі, естеліктері т.б. ақпараттары) осы түпсанадан 95 пайызға автоматты түрде пайдаланады дейді зерттеуші ғалымдар. Мұны, қарапайым өмірде сананы-стартерге, ал түпсананы-моторға (двигатель) ұқсатуға болады.
Демек, баланың дамуына қарама-қайшы келетін білім реформаларын баланың бойындағы әрі қарай дамуға тиісті генетикалық, ұлттық болмыстарын (тектілік) түбірімен жоюдың ең қысқа, ең тиімді жолы деуге болатын негативті әрекеттер деп айтуға болады.
Мұндайды қазақтар «көктей солдыру» дейді.
Міне, осы тұста жоғарыда айтылған қазақтардың «балаңды 7 жасқа дейін төбеңе хан көтеріп тәрбиеле» деген даналық ұстанымының бүгінгі таңдағы ғылыми дәлелденіп, өмірлік тәжірибелерде сыналғандығының бірден-бір дәлелі ретінде, осыдан 500 жыллдай (1534 ж.) бұрын діни бағытта құрылған ықпалды ұйым – Иезуиттер: «баланы 7 жасқа дейін ересек адамдар етіп шығарамыз» деп мәлімдеп, шын мәнінде сол үйретілген діни догмалардадн ауықтықмайтын, өзіндік таным-сенімі шектелген алдау-арбауға жетелеуге жеңіл көнетін «мәңгүрттенген» ересек адамдарды қалыптастыра білген.
Ал соны иезуиттер өз ұлттық тілінде жүргізіп тектілік (ұлттық код) ақпараттарын түгелдей тежеп, не өшіріп тастамай, тек қана санасын діни догмаларымен ғана улаған болса, ал бізде бұл әрекет (сәбидің тілі шығардан бастап) эволюциялық шығу тегі бөлек жат тілде (орыс тілінде) жүргізілгендіктен қай жағынан алсаң да, қазақтар үшін жаппай негативті саналық, рухани дүниетанымдық революциялық дағдарыс (төңкеріс) болды.
Бұл дегеніміз мемлекеттік тіл – қазақ тілі табиғи талапқа сәйкес түпкілікті шешілмей (әлемдік үрдістік ұстанымдағы) ұлттық, қоғамдық тәуелсіздік санамыз рухани құлдық тәуелділіктен құтылады деп ешқашанда айта алмаймыз.
Демек, бұл толыққанды ұлттық тәуелсіз мемлекетімізді құрудың сара жолына түсе алмай отырғанымыздың бүгінгі таңдағы айқын дағдарыстық көрінісі бола алатын фактор.
Тіпті қарапайым өмірде де, қазақтар 7-8 жастағы балаларды «есі кіріп қалған балалары бар екен» деп айтып жатады. Егер де осы жастағы кезінде де, оларға шет тілін үйретсе, ол да өз дәрежесіндегі «мәңгүрттену» деңгейіне ұшырайды екен.
Қазақта «жаман айтпай, жақсы жоқ» деген тағылымды қағидат бар. Сол қағидатқа сүйенсек, кешегі 30-жылдардағы қазақтардың басына түскен ашаршылықты «геноцид» деп атап басқадан, сол дәуірден көріп, өткен тарихымызға жатқызып отырмыз. Сонда тарихи Отанында мыңдаған жыл тұтастай бір ұлт болып, бір тілде (дилектісіз) сөйлеп, ортақ өзіндік ұлттық дәстүрлі идеологиясын ұстанып, ғұмыр кешкен қазақтардың бүгінгі таңдағы ұлтсыздану (жойылу) дертінің симптомына жататын екі тілді (орыс-қазақ) болып, екі рухани танымдық, саналық жікке бөлінуін немен түсіндіруге болады.
Енді жоғары оқу орындарында физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту мәселесі біз көтеріп отырған тақырыппен қаншалықты үйлеседі дегенге келейік.
Мұны өзімізше зейнеткерлік логикалық эксперимент жасап, ойда жүрген «информация+түсінік=білім» деген қағиданы яғни қарапайым арифметикалық формуланы еске түсіріп пайдаландым. Сөйтіп пән мен тілді тікелей кіріктіру қажеттігіне сәйкес: «Информация (пән) – білім (тіл) деген жіпсіз байланысқан «түсініксіз» формулаға кезіктік. Нәтижесінде бұл әдіске дүниетанымдық ұғымдар: ұлттық сана, ойлау жүйесі, тіпті мидың да қатысы жоқ екеніне таң қалдық. Мүмкін түсінбеген шығармыз.
Мұндағы бір ескеретін аса қауіпті жайт: егер «қоғамдық ғылымдарды өзін-өзі тану, ал табиғи ғылымдардың (физика, химия, биология және информатика) дүниетанымдық салалар екенін ескерсек, ЖОО-да осы аталған пәндерді қазақ тілінде емес, ағылшын тілінде оқытамыз деу – ақиқатын айтқанда қазақ халқының өзіндік тарихи-дүниетанымдық табиғи тамырына балта шауып, оны жоюдың алғышарты болып шығар еді.
Өйткені, қазақтардың тарихи рухани дүниетанымдық даналығының қалыптасып дамуы, олардың санғасырлық көшпелі ғұмыр көшу салтындағы табиғат пен тікелей тілдесуінде екендігіне ешкім де күмәнданып таласа алмайтын құбылыс. Аксиома. Міне, сондықтан қазақтың өзіндік философиясыда бар деген көзқарастың ақиқаттан алшақ еместігіне өз басым толықтай иланамын. Өйткені қазақ халқының өзіне тән даналығын оның мыңжылдық табиғи тарихи-рухани азығының жемісі деп түсінемін.
Егер де әртүрлі ғылым осы мәселені жан-жақты қолға алған болса, жаңа табиғи философияның туындауына өз басым күмәнданбас едім.
Мұның бір үлгісін математикалық формула арқылы ғалым. фарабитанушы Ақжан Машани көрсетіп кеткен көрінеді. Мысалы, Абай өлеңдерін формулаға салып есептегенде Құран аяттары шығады екен.
Олай дейтінім, қазіргі кезеңдегі әлемдегі ғарыштық жылдамдықпен ашылып жатқан жаңалықтар мен технологиялар, т.б.құбылыстар жаратылыста (жаратылыстан тыс ештеңе жоқ) әлімсақтан бар дүниелер. Бұл орайдағы адамзаттың әрекеті, соны танып, түсініп, конструкциялап қоғамдық өмірге енгізуде ғана. Жай сөзбен айтқанда, ешкім де ештеңені өз қалтасынан шығарып жатқан жоқ.
Осы арада, тағы да көпсөзді шығындамай-ақ жаратушының өзі де, әр ұлтқа бір тілден артық бермегенде, біздің планетарлық масштабта ойлайтын «жаңашыл-реформаторларымыздың» осындайда жаратылыс (табиғи) заңдылығына қарама-қарсы әрекетке барып «үш тілді бірден бір ыдысқа» саламыз дегеніне де тағы да таң қалғанымызды жасыра алмаймыз. Сөйтіп, олар оны «үш тұғырлы тіл» реформасы деп атап, үш тілді де бір деңгейге қойып, жұртты шатастырып жүр. Өйткені, әр ұлттық тілдің өз тағдыры, өз даму жолы, өзі шыққан тегі бөлек екенін ескермей отыр.
Анығырақ айтқанда, бұл қазақтың ұлттық мемлекетін жоюдың баламасыз ең оңтайлы тура жолы деп айтуға болады. .
Олай деуге себеп, көптілді меңгеруді, оны қолдануды жеке өмірде де, қоғамдық өмірде де ешкім теріске шығара алмайды. Бірақ оны ұлттық генетикалық (текілік) заңына қайшы жолмен енгізуге түбегейлі қарсымын. Тағыда қайталаймын, қазақтар мұны: көктей солдыру дейді. Мысалы, қоғамдық өмірде де сынақтан өткен түсінік-ұлтқа (тұлғаға) қанша шетел тілдерінде сөйлеу қауыпты емес, тек қана ана тілін жоғалтып, басқа тілде ойлау ғана қауыпты екен.
Оны бүгінгі түгелге жуық әлемдік елдер ұстанымы да, ғылым да жоққа шығармайды.
Деректі алыстан іздемей-ақ, әзірше Малайзияның мектептеріне 5 жыл ағылшын тілін (оларда орыс тілі жоқ) оқытып, мектеп бітіруші ұрпақтарының интеллектуалды дңгейінің төмендеп кеткені дәлелденіп, шұғыл түрде қолданыстан шығарып тастауларын да кездейсоқтық дей алмаймыз.
Енді сөз соңында бұл мақаланы «Зейнеткерлік зерделеу» деп атап, жазуыма түрткі болған негізгі себеп – ол аз да болса менің өрем жеткен жеке түсінегім, қазақ халқының басындағы ахуалға байланысты әрбір ел азаматына өзіндік ой түсіре алса деген ниет болды.
Сонымен бірге, қазіргі озық ойлы ғұламалардың да ескертіп айтқан: «Даналық дегеніміз сәйкестік, тіл табысу,үйлесімдік, үндестік, адаптация, т.б. бір сөзбен айтқанда – гармония, сол гармонияны бұзу ақымақтық, есерсоқтық, ал қайшылықтағы гармониялық ақиқатты тек жаратылыс заңдылықтар жолымен ғана адаспай табуға болады» дегенді де зердемізде ұстандық. Енді осы жаратылыс заңы дегенде, осыдан 4000 жылдай бұрын Шығыс түсініп айтқан: «Табиғаттағы (айналадағы өмірде де) кез келген қарама-қайшылықтардың негізінде тұтастық (бірілік) жатыр» деген даналық қағидатын бүгінгі зерттеуші физиктер мен биологтерде қуаттап дәлелдеп (дұрыс-бұрыс, инь-ян, плюс-минус, t0c, т.б.) отыр.
Мұны біздер қазақтың екі ішекті домбырасының құлағын келтіріп, қаншама ғажайып жантеберентерлік дүниелер (үндер, саздар, күйлер) шығарғанына таң қалып, е, «қазақ домбырасының киелі қасиетіде, даналығыда құдреті де, осында жатыр екен-ау» деп түсініп бойымызды мақтаныш сезімі кернегенінде жасыра алмаймыз.
Өздеріңіз байқағандай табиғи талаптарға сәйкес жол дегеніміз – ол шындықты жаратылыс заңдарына сәйкестенген (гармониялық) тұстарынан іздеу деп түсініп, қазақша айтқанда, әр нәрсенің өз тілін (түсініп) таба білу керек деген ұғымға жатқыздық.
Біріншіден, әл-Фараби бабамыздың «тәрбиесіз алған білім –адамзаттың хас жауы» атты қағидатының ақиқат екені, бүгінде ғылыми дәлелденіп, өмірде сыналған оны ЮНЕСКО-дан бастап, дүниежүзінің түгелге жуық елдерінің алғышарт етіп отырғаны;
Екіншіден, әлемдегі өркенеитті елдердің даму ұстанымының негізі – ортақ мүддесіз, ортақ мақсатсыз, ортақ тілсіз Отан жоқ» деген ұғымы.
Үшіншіден, жалпы ғылыми мойындалған «түпсана (подсознание) адам тағдырыныың мегакомпьютері» деген түсінік ол ұлттық тәлім-тәрбиеден басталған табиғи өзегі, тұғыры болса, ал сол түпсананың тәркіленуі –ұлттың белсенді жойылу процесі екендігі;
Төртіншіден, жеке дара ұлттық тілінсіз – унитарлы ұлттық тәуелсіз мемлекет ешқашан да қалыптаспайтыны;
Бесіншіден, эпигенетика (сыртқы орта ықпалы) ілімі дегенде: ұлттық кодтың (тектілігінің) бұзылу көріністеріне жататын: тілін жоғалту, рухани құлдық сана, ойлау жүйесінің бұзылуы, нигилизм, космополитизм, ұлтын менсінбеу, т.б. жағымсыз процесстерді тізбектей беруге болады.
Қайтадан, қазақ топырағына аяқ басып, назарларыңызға қазақ ұлтының кім екенін әлемге пащ еткен ақын Мұқағали Мақатаевтың «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» деп, қазақтың теңдесі жоқ, баға жетпес санғасырлық даналық сөздеріне бүгінгі замана тілінде жаңа рең, жаңа бояу беріп ұрпақтарнына мұра етіп қайтарып беруі;
Ақын Қадыр Мырзәлінің «Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп ұлтын жаратылыстың жеті құбылыстық қазынасы (жеті үн, жеті түс, жеті қат жер, жеті күн, т.б.) теңеуі және күйдің қазағына ғана тән өнер екенін де меңзегені;
Ал ақын Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын – мың өліп, мың тірілген» деп қазағының сол мыңдаған жылдық тілін, ділін, ұлан-ғайыр даласын ұрпақтарына аманат етіп қалдырғанын үлгі етіп жырлауы, сөйтіп бірінің қазағының ерекше табиғи даналығын, екіншісінің ұлтының әлемдік жандүниелік тебіренуі мен тербелісін, соңғысының ұлттық рухы мен қайрат жігерінің елі үшін жан аямай күрескенін бүгінгі ұрпақтарына таныта білуі де, олардың мәңгі өшпес ұлылығының баламасыз айғағы болып отырғанына ешқандай шүбә жоқ.
Қысқаша қорыта айтқанда, мақаламыздың аты айтып тұрғандай, әсіресе соңғы кездегі халық арасында жиі қайталанып жүрген «бірде-бір әділ сайлау өтпеді», «әділетті», «заң үстемдігіне», «әлеуметтік ахуалды көтереміз», «демократия» т.б. толғағы жеткен мәселелерде биліктің берген уәделерді көзіміз көріп, сезіне алмай жүрміз» деген халықтың талап-тілектерінің әділ шешіміне қол жеткізу үшін, алдымен қорланған күдік пен күмәннан аршылып, сенімімізді тазарту үшін алғашқы қадамды жаратылыстың ақиқат жолына түсіп, яғни адамзаттың құдреті жетпейтін, «әркімге жеке тиесілісаусақ таңбаларын» (дактилоскопия) халықтың қалауымен әдлетті орнымен (сайлау, тәуелсіз сот т.б.) адал ниетпен игілікті істерде неге пайдаланбасқа деген тұжырымға тоқталдық. Сөйтіп, бұл бағдарды «халық айтса – қалт айтпайды» деген қазақ даналығына бас иіп, әлемдік өркениет трассасына өрмелеп шығуға ұмтылған алғашқы құтты қадамымыз болар еді деп, үміт артып, оны Қазақстанның өбіндік «табиғи бейбіт революциялық рухани жолы» деп атап отырмыз.
(Соңы. Басы өткен санда)
Төлеген АЛМАХАНОВ,
биолог-ихтиолог

792 рет
көрсетілді0
пікір