Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 12 Қыркүйек, 2023

Алматы күні қарсаңында журналистер мен белсенді қоғам өкілдерінің еңбектері бағаланды

Бүгін республикалық Достық үйінде Өңірлік коммуникацялар қызметі жариялаған байқау жеңімпаздары марапатталды,-деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі. 

Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын қаланың дамуына ерекше үлес қосқан қалалық және республикалық БАҚ өкілдері мен белсенді қоғам өкілдерінен өтініштер қабылдау басталған болатын.

Мақсаты - Алматы қаласының дамуы туралы үздік жарияланымдар, репортаждар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі сюжеттер авторларын, белсенді қоғам қайраткерлерін көтермелеу.

Өтінішті қоғам қайраткерлерінің өздері, журналистер, ұйым басшылары немесе БАҚ редакторлары, сондай-ақ үміткер үшін бере алды.

Қазылар алқасы келесі номинациялар бойынша 10 жеңімпазды анықтады:

1) Алматы туралы жазатын үздік журналист - Таңшолпан Бегалыкызы, «Baribar.kz»
2) Алматының ең белсенді қоғам қайраткері - Абдыхалыков Қайыржан Саясатұлы, Алматы қаласының Азаматтық Альянс төрағасы
3) Қаланың ең белсенді қоғамдық ұйымы - «Qamqor charity» қоғамдық қоры
4) Үздік алматылық блогер - Дмитрий Байназаров, Тик-Токер
5)  Алматы туралы үздік фотосурет авторы  - Досжан Балабекұлы, «Қазақ газеттері», журналист, философ
6) Алматының ең белсенді жастар көшбасшысы - Кайрыев Рустам Абдусаламович, «Қазақстандағы Ұйғыр жастарының одағы» РҚҚ төрағасы
7) Алматы туралы үздік телеграм-канал - «Almaty Today»
8) Үздік алматылық паблик – «Давай сходим»
9) Алматы өмірінен хабардар ететін үздік ақпараттық сайт - «Вечерний Алматы» сайты
10) Алматы туралы үздік  YouTube/TikTok-канал - «Алматы» телеарнасы

Жеңімпаздар алма мен қауырсын түріндегі мүсіншелермен, сондай-ақ ақшалай сертификаттармен марапатталды.

    Фото: Досжан Балабекұлы

855 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз