Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 14 Қыркүйек, 2023

Таиланд Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді

Таиланд Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Сыртқы істер синистрлігіне сілтеме жасап.

Екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді.

Қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады. Ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет.

Жарамды жол жүру құжаты ҚР азаматының паспорты болып танылады, оның қолданылу мерзімі шекараны өту кезінде 6 айдан асуы тиіс.

 



Фото: @PressMFAKZ

388 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз