- Шартарап
- 15 Қыркүйек, 2023
Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары 4 құжатқа қол қойылды
Тәжікстанда Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Душанбе мәлімдемесі;
2. Тәжікстан Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалығының қорытындылары туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;
3. Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымын және шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі қызмет туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;
4. Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасында жұмыс сапарымен жүр.
Президент Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысына қатысып, баяндама жасады.
455 рет
көрсетілді0
пікір