Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 16 Қыркүйек, 2023

Сенаторлар көшпелі отырыста табиғатты қорғау мәселелерін талқылады

Сенат Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Батыс Қазақстан облысында «Өңірдегі табиғатты және жануарларды қорғау саласының жай-күйі және де ақбөкендердің оралдық популяциясының кейбір мәселелері» тақырыбы бойынша  көшпелі отырыс өткізді, - деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Комитет төрағасы Әли Бектаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында біздің стратегиялық мақсатымыз – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың бірі болуды атап өткенін еске салды.

«Президент алдағы үш жылда агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін жеткізу міндетін алға қойған болатын. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бұл мақсат пен міндетке қол жеткізу үшін АӨК субъектілеріндегі өнімді қайта өңдеу ісіне барынша қолдау көрсетіп, қайта өңдеу өнімдерін өндіруге ынталандыруды арттыруы тиіс. Сондай-ақ фермерлік шаруашылықтардың кедергісіз жұмыс істеуіне жағдайлар жасалуы тиіс», - деді сенатор Бектаев.

Сенаторлар отырыс барысында Орал ақбөкенінің популяциясына қатысты проблемалық мәселелердің талқысына да тоқталды. Бұл мәселені әсіресе Батыс Қазақстан облысындағы аграршылар жиі көтеріп келеді. Депутаттар кездесудің мақсаты – халықпен, экологтармен және сарапшылармен өзара іс-қимылда барлық аспектілерді ескере отырып, бар проблемаларды бірлесіп шешуге тырысу екенін атап өтті.

Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Ауыл шаруашылығы, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің өкілдері, ҮЕҰ және облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Сенаторлар көшпелі отырыс жұмысының қорытындысы бойынша Үкімет атына жіберілетін ұсынымдар әзірледі.

274 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз