Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 16 Қыркүйек, 2023

Алматыда қала күніне арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

Алматыда Алматы облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтіп жатыр,-деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі.

«Қала күнін» мерекелеу шеңберінде 16-17 қыркүйекте сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін кеңейтілген ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Оған Алматы облысы мен Қонаев қаласы 9 ауданының шаруашылық қожалықтары қатысуда. Жәрмеңкеде өнімнің шамамен 50 атауы (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімі, ұн, жармалар, өсімдік және мал майлары, т.с.с.) ұсынылады.

Жәрмеңкеге барлығы 200 тонна ауылшаруашылығы өнімі, оның ішінде, 30 тонна – ет, 130 тонна – жеміс-көкөніс, 15 тонна – сүт, 10 тонна – балық, 15 тонна – өзге де өнім әкелінді.

Алматының Сәтбаев көшесі бойымен Достық даңғылы және Уәлиханов көшесі арасындағы учаскеде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңке кезінде Сәтбаев көшенің осы учаскесінде көлік қозғалысы жабылады.    

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

2130 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз