Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 17 Қыркүйек, 2023

Президенттің Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді, сондай-ақ «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.

Бұдан бөлек, Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Фото: t.me/aqorda_resmi

469 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз