Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Қыркүйек, 2023

БҚО-да жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты

БҚО-да жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында БҚО, Теректі ауданы, Бекей кентінің жанында Самара - Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 290-шақырымында ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды.

ЖКО салдарынан 6 адам қаза тапты. Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5, 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.

290 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз