Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 18 Қыркүйек, 2023

Астанада велоспортшылар мектебіне 3 автокөлік пен 55 велосипед табысталды

Астанада №6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебіне 3 автокөлік пен 55 велосипед табысталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қалалық спорт басқармасына қарасты №6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебіне велосипедтерді тасымалдауға арнайы алынған автокөліктерінің кілтін, сондай-ақ «тас жол» және «маунтинбайк» велосипедтерінде спортшыларымызға арнайы табыстау рәсіміне келді.

Іс-шара барысында Есет Байкен мектептің ұстаздарымен, шәкірттерімен кездесіп, велоспорттың қазіргі хал-жағдайымен танысты.

Бүгінгі таңда велоспортпен Астана қаласындағы №6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде 507 спортшы дайындалады.

Мектеп шәкірттері тек республикалық қана емес, сонымен қатар халықаралық турнирлерде де жетістіктерімен қуантып жүр. Солардың бірі — Вадим Пронский. 25 жастағы шабандоз қазір «Astana Pro Team» клубының намысын қорғап жүр. Жасөспірімдер арасындағы командалық бәсекеде Азия чемпионы деген атағы бар. 2021 жылы Токио Олимпиадасына да қатысты.

Веложарыстан бөлек, велотректен Астана қаласы ең мықты ұжымдардың бірі саналады. Алдағы жазғы Азия ойындарында Астана қаласы атынан 4 бірдей спортшы өнер көрсетеді.

«3 бірдей темір тұлпарды табыстауы біз үшін үлкен қуаныш. Өйткені, көліктің арқасында үлкен трассаларда жас спортшыларымыздың қауіпсіздігін қадағалауға мүмкіндік аламыз.

55 велосипедтің 20-ға жуығы маутинбайкке негізделген.
Қалғаны тас жолға арналған.
Велосипедті жылда жаңалауға тура келеді.
Өйткені ұдайы жаттығудан бұзылып тұрады.
Мектебімізде 300-ден астам велосипедіміз бар. Алдағы уақытта оқушыларымыз 2 ауысым бойынша дайындалатын болады», — деді мектеп директоры Бауыржан Өтегенов.

260 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз