- Аймақ тынысы
- 18 Қыркүйек, 2023
Өзінің қос бірдей баласын сатқан 23 жастағы жетісулық тұрғын ұсталды

Жетісу облысының тұрғыны делдал арқылы өзінің 2022 және 2023 жылдары туған екі бүлдіршінін сатып жіберген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Бірінші факт 2022 жылдың қазан айында, ал екінші факт 2023 жылдың тамыз айында болған. Екі жағдайда да мәміле сомасы - 1 млн теңгені құраған», - деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Аталған факт негізінде Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандар саудасы) іс қозғалды.
Бұған қоса баспасөз мәслихаты барысында Түркістан облысында Өзбекстан азаматын 5 жылдан аса құлдықта ұстаған қожалық басшылары анықталғаны айтылды.

423 рет
көрсетілді0
пікір