Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Қыркүйек, 2023

4 млрд теңгеден астам ақша алған: Астанада құрылыс компанияларының басшылары ұсталды

Астанада алаяқтық жасады деген күдікпен құрылыс салушылар ұсталды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Астана қаласы прокуратурасының нұсқауымен полиция департаментінің өндірісіне "R-Club" және "R-Club Deluxe" тұрғын үй кешендері үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тапсырылды.

Анықталғандай, үлескерлерден 4 млрд теңгеден астам ақша тартылған, алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалған. Құрылыс 2022 жылғы 4-ші тоқсанда аяқталуға тиіс болған, бірақ мерзімінде салынып бітпеген.

"Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға "күзетпен ұстау" түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Жедел-тергеу тобы құрылды", - делінген хабарламада.

Қазір қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталып жатыр.

330 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз