Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Қыркүйек, 2023

Астанада банк қызметкерлерін тұтқынға алған ер адамға сот үкімі шықты

Астанада банк қызметкерлерін тұтқынға алған 30 жастағы Әлихан Мурадов 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды , деп хабарлайды Kazgazeta.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Сотталушы өз кінәсін мойындап отыр. Тергеу материалдарына сәйкес, сол күні ол суицид жасау мақсатында дәрі ішкен. Бірақ препараттың әсері болмай, ол банк ғимаратына шабуыл жасауды ұйғарған.

Оны құрықтау кезінде полицейлер атып тастайды деп үміттенген.  

Банк бөлімшесінде бірнеше адамды тұтқынға алған Мұрадов полицейлерге хат жазып, барлық ақшаны мұқтаж адамдарға аударып беруді талап еткен.

Бұған дейінгі сот отырысында банк қызметкерлері Мұрадовтың қалай шабуыл жасағанын айтып берді.

Ал Мурадов кешірім сұрап, ешкімге зиянын тигізгісі келмегенін жеткізді. Оның қолында болған жарылғыш құрылғы муляж болып шықты. 

Жамбыл облысының тумасы бұрын бірнеше мәрте қылмыстық жауапқа тартылған. 2013 жылдан бері есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр.

292 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз