Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Қыркүйек, 2023

Пойыздармен ерекше жолаушыларды тасымалдау 64% өсті - ҚТЖ

Ерекше қажеттіліктері бар 367 мыңнан астам жолаушы 2023 жылдың 8 айында «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен тасымалданды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған орындары бар 87 вагон бар. Олар 36 бағыт бойынша жүреді. 2023 жылдың соңына дейін 13 вагон арнайы жолаушыларға арналған бір купені бейімдейтін болады. 2025 жылға дейін қимылдауы қиын жолаушыларға арналған купесі бар тағы 11 вагон сатып алынатын болады, сондай-ақ вагондарда мүгедектер арбасына арналған көтергіш тетіктер, мамандандырылған санитарлық тораптар және т.б. көзделетін болады. 2030 жылға дейін Stadler технологиясы бойынша ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға арналған купесі бар 35 вагон келіп түседі деп күтілуде.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін темір жол көлігінде жол жүруге жеңілдіктер қарастырылған:
- әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша 50%;
- Тальгоның коммерциялық бағыттары бойынша мамандандырылған купеге 70% мөлшерінде, оның ішінде еріп жүретін тұлға үшін де.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін темір жол билеттерін онлайн сатып алу жеңілдетілген. Енді олар жеңілдікті билеттерді тек ЖСН және мүгедектік туралы анықтама нөмірлерін енгізу арқылы ресімдей алады (6 таңбалы әлеуметтік ID кодын ұсынудың қажеті жоқ).

Теміржол билеттерін онлайн режимінде билеттерді сату жөніндегі ресми bilet.railways.kz порталдан және «Билеты КТЖ» мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ т/ж билеттерін сату бойынша үшінші тараптың жеке интернет-сайттарында сатып алуға болады.

442 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз