Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 18 Қыркүйек, 2023

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанды

Сербия астанасы Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионатында еркін күрестен 92 килоға дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан чемпион атанды деп хабарлайды Kazgazeta.kz.

Ризабек алғашқы айналымда Венгрия балуанын 13:3 есебімен ұтса, екінші кезеңде биылғы Еуропа чемпионы, түркиялық Файзолла Актүрікті 11:0 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда қазақ балуаны грузиялық қарсыласын жеңіп, өз мансабында алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінің финалына шықты. 

Финалда Ризабек әзербайжандық Осман Нурмогамедовпен белдесіп, жеңімпаз атанды. Десе де бұл салмақ Париждегі Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірмейді. 

506 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз