Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 20 Қыркүйек, 2023

ҰҚК тасжолда кәсіпкерлерді соққыға жығып, ақша бопсалаған қылмыстық топты ұстады

Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура және полиция органдарымен бірлесіп қылмыстық топтың жолын кесті деп хабарлайды Kazgazeta.kz.

Олар кәсіпкерлерден ақша бопсалады, ауыр дене жарақатын салды және заңсыз қару сақтады деген күдікке ілініп отыр.

Операция кезінде қылмыстық топтың көшбасшысы мен 3 мүшесі ұсталған, олардан атыс қаруы мен оқ-дәрі тәркіленді.

"Қолда бар деректерге сай, олар облыстық және халықаралық тас жолдарда жеке тасымалмен айналысатын кәсіпкерлерден физикалық түрде жәбір көрсету қаупімен ақша талап еткен. Шабуылға ұшыраған жәбірленушілердің арасында лауазымдық міндетін атқарып жүрген Шекара қызметінің әскери қызметкері де бар", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Сот санкциясымен ұсталған адамдар қамауға алынды.

Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

151 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *