Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 20 Қыркүйек, 2023

Таулы Қарабақта қақтығыс тоқтады

Армян билік өкілдерінің Әзербайжан талаптарымен келісуіне байланысты Таулы Қарабақтағы қақтығыс тоқтады. 

Мойындалмаған "Таулы Қарабақ республикасының" өкілдері 20 қыркүйек күні сағат 13:00-де атыс тоқтайтынын мәлімдеді. Бұл ақпаратты Әзербайжан қорғаныс министрлігі де растады.

«Қарабақта антитеррорлық шараларды тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Өзін жариялап алған "Таулы Қарабақ республикасының" өкілдері Әзербайжан тарапының шартына келісті. Баку Таулы Қарабақтағы армяндардың әскеріне қаруларын тастап, берілуді талап еткен.

Мойындалмаған "Таулы Қарабақ республикасы"  әскерін таратып, 21 қыркүйекте Әзербайжанның Евлах қаласында Баку өкілдері мен Қарабақтағы армян қауымымен Әзербайжан тарабының реинтеграция, Таулы Қарабақтағы армяндардың қауіпсіздігі мен құқығы, олардың тіршілігін Әзербайжан Конституциясына сай қамтамасыз ету туралы келіссөз өткізбекші.

 

 

 

Фото: Владимир Жабриков © URA.RU

314 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *