Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Қыркүйек, 2023

22 қыркүйекке арналған күн райы болжамы

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында  22 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. Республикамыздың басым бөлігінде антициклон ықпалының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек шығыста, оңтстік-шығыста  атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен найзағай болады, еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Республика бойынша екпінді жел, түнде және таңертең тұман күтіледі.                                      

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының шығысында түнде топырақ бетінде үсік күтіледі .                                                         

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында жоғарғы өрт қаупі сақталады.

Фото: Досжан Балабекұлы

291 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз